2023 жылғы 19-20 қазан аралығында Өзбекстанның Бұхара қаласында «Инфекциялық аурулар және микробқа қарсы құралдар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, ол жерде Қоғамдық денсаулық сақтаудағы Төтенше жағдайлар жөніндегі Жедел Орталықтың бас маманы және Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің қауымдастырылған профессорының бірлескен жұмыстары ұсынылды.
Конференция аясында тақырып бойынша келесі жұмыстар ұсынылды:
- «Электрондық Денсаулық сақтау Бірыңғай Ұлттық Жүйесінен (ЭДСБҰЖ)» Big Data пайдаланыла отырып, Эпидемиология және Қазақстандағы созылмалы инфекциялық емес және инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау”, аталмыш зерттеу жұмысы шеңберінде деректерді өңдеудің және талдаудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, Қазақстандағы инфекциялық емес және инфекциялық аурулардың ауқымы мен динамикасына талдау жүргізілді.
- «Қазақстандағы туберкулез тенденциясын талдау: 2014 жылдан 2025 жылға дейінгі уақыт қатарын талдау», аталмыш зерттеудің аспектісі Қазақстандағы туберкулездің таралу үрдістері мен және SARIMA (интеграцияланған маусымдық авторегрессиялық жылжымалы орташа) пайдалана отырып стационарлық уақыт қатарларына болжау жасаумен байланысты.
Осы халықаралық конференцияға қатысу басқа елдердегі әріптестермен тәжірибе және білім алмасуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология саласындағы белсенді пікірталастар мен ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін кеңейтті