Бүгін, 23 қазанда Астанада (Қазақстан Республикасы) МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдығына, МСАК бойынша Астана декларациясының 5 жылдық мерейтойына және ДДҰ-ның 75 жылдық мерейтойына арналған МСАК бойынша Жаһандық конференцияның ресми ашылу салтанаты өтеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек саласындағы саясат пен практика: жоғары нәтижелерге ұмтылу» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырды.
Конференцияның жұмысына ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің 80 ресми делегациясы, Денсаулық сақтау министрлері деңгейінде, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жас ғалымдар, медицина қызметкерлері қатарынан қатысады. Сонымен қатар, іс-шараға медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтерін ұйымдастырудың техникалық аспектілеріне жауапты денсаулық сақтау министрліктерінің аға лауазымды тұлғалары, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтерін әзірлеуге қатысатын ғылыми-білім беру мекемелерінің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың ғылыми және техникалық сарапшылары шақырылды.
Барлығы 600-ге жуық делегат бетпе-бет форматта, сондай-ақ онлайн режимінде 1000-нан астам қатысушы күтілуде.
МСАК бойынша Жаһандық конференцияның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы, ДДҰ бас директоры Т. Гебрейесус, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Х. Клюге, Еуропа мен Орталық Азиядағы ЮНИСЕФ Өңірлік директоры Р. Де Доминисис, ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері деңгейіндегі 67 ресми делегациясы қатысады деп күтілуде.
Форумға қатысушылар әлемдік денсаулық сақтаудағы ағымдағы жағдай және оның болашағы туралы пікір алмасуға, нақты нәтижелер мен жетістіктер мысалында 2018 жылғы МСАК бойынша Астана декларациясының міндеттемелерін орындау қорытындысын шығаруға, сондай-ақ пленарлық сессия барысында денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету үшін МСАК рөлін кеңінен талқылауға ниетті.
Конференция Еуропа елдері үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) негізгі маңыздылығын тағы да атап өтуге арналған. МСАК кез-келген тиімді денсаулық сақтау жүйесінің негізі болып табылады және оны дамытуға және дамытуды инвестициялауға басымдық беру керек. Қазақстан МСАК-ты дамытуға қатысты жаһандық көшбасшылардың бірі болып табылады, бұған Алматы және Астана декларациялары дәлел бола алады.
Конференцияда Еуропа елдері денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және өз азаматтарының әл-ауқатын қорғауға өздерінің берік міндеттемелерін жариялау үшін Қазақстанның басшылығымен бірігеді. Елдердің бірлескен күш-жігері барлық адамдар үшін денсаулық сақтау қызметтеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізуге бағытталған.
Сондай-ақ, конференция жастардың белсенді қатысуы үшін алаң болады. Қазір біздің ғаламшарымыздың халқыдағы жастардың үлесі бұрын-соңды болмағандай үлкен. Жастар денсаулық сақтау жүйелерінің қызметтерін пайдаланып қана қоймайды, олар осы жүйелердің болашағы. Сондықтан олардың қажеттіліктерін ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытын анықтауға қатысуға мүмкіндік бермейтін кедергілерді жою өте маңызды.
Конференция жаһандық деңгейде МСАК-ты дамытуды одан әрі талқылау үшін қуатты ынталандыру болады. Жастар өз проблемаларымен және көзқарастарымен бөлісуге және МСАК дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік алады. Осындай ынтымақтастық пен ұрпақтар арасындағы диалог инклюзивтілік, жариялылық және орнықты даму қағидаттарында болашақты құру жолындағы маңызды қадам болмақ.
Конференцияның негізгі бағдарламасы пленарлық және қатар отырыстардан тұрады. Конференция оның онлайн-платформасында және ДДҰ Еуропалық бюросының сайтында нақты уақыт режимінде көрсетіледі.
Конференция алаңдарындағы плакаттар көрмесінде ДДҰ ЕӨБ дайындаған көрнекі мысалдар сериясына және әлемнің әртүрлі елдерінің тәжірибесінен жарияланған басқа да мысалдарға негізделген медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қайта құру туралы елдердің тарихы ұсынылады.
Халықаралық конференцияның шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың, ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустың және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюроның басшысы Ханс Клюгенің қатысуымен республикалық МСАК орталығының ашылуы өтеді.
Республикалық орталық өңірлік медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына одан әрі тарата отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынатын үздік практикаларды пилоттау мен талдауға арналған алаң болады.
Жаһандық конференцияның қорытындысы бойынша МСАК-тың болашағы туралы бірлескен қаулы қабылданады деп күтілуде.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/640152?lang=kk