“Хабар”телеарнасы үшін қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай жөніндегі Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ТЖ бойынша жедел орталығының директоры Жәнібек Ерубаевтың сұхбаты.
ҚР-да қызылшаның расталған 9 682 жағдайы тіркелді.⠀
Соңғы аптада қызылшаның 844 расталған жағдайы тіркелді, бұл өткен аптаға қарағанда 28%-ға артты(656).⠀
Науқастардың 83.5% – 14 жасқа дейінгі балалар.⠀
Қызылшамен ауырғандардың 70% – дан астамы вакцина алмағандар.⠀
Науқастардың ең көп саны Шымкент қаласында-1902, Алматы қаласында – 1869, Жамбыл облысында – 1158, Алматы облысында – 960 тіркелді. 14 жасқа дейінгі балалар – 8088 (83.5%) (бір жасқа дейінгі балалар – 1483 (15.3%), бір жастан 14 жасқа дейінгі балалар – 6605 (68,2%)). 6801 (70,2%) – вакцина алмаған тұлғалар.⠀
“Қызылшаны емдеудің нақты әдісі жоқ, қызылшаның алдын-алудың жалғыз тиімді әдісі-вакцина алу. Ол сәбилер мен жасөспірімдерді көптеген аурулардан, ауыр асқынулардан және тіпті өлімнен құтқарады. Қызылшаның асқынуларына келесілер кіруі ықтимал: соқырлық; энцефалит (мидың ісінуіне және церебральды бұзылулардың ықтимал дамуына әкелетін инфекция); ауыр диарея және онымен байланысты құрғау; құлақ инфекциясы; тыныс алудың ауыр проблемалары, оның ішінде пневмония”, – деді Жәнібек Ерубаев.⠀
Қызылшаның өзі иммундық жүйені әлсіретеді және денені инфекциялардан қалай қорғауды “ұмытып” кетуі ықтимал, бұл балаларға өте үлкен қауіп төндіреді.⠀
Қызылшадан қорғану үшін ҚДСҰО төмендегілерді ұсынады: – қызылшаға қарсы екпе мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша емханаларда қызылшаға қарсы профилактикалық екпе алу қажет;
– егер бала әртүрлі себептермен вакцина алмаған жағдайда, оның адамдар көп жиналатын жерлерде орын алуын шектеу қажет (сауда, ойын – сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына бару және т. б.); – аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде (қызба, мұрыннан су ағу, жөтел, денеде бөртпе пайда болған кезде) дереу медициналық көмекке жүгіну керек!
Толық сюжет, сюжет эфирге шыққаннан кейін қол жетімді болады.