2022 жылы скринингтік тексерулер барысында 541 398 мың науқастану жағдайы анықталды. 354 284 адам диспансерлік есепке алынды.
Бұл нәтижелерді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің Мониторинг және скринингтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гульжан Конуршина баяндады.
Ересек тұрғындар арасында, халықтың мақсатты тобын скринингтік тексерумен қамту 98,9% құрады. 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 93,7% тексерілген болатын. 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда 5,2%-ға артық адам зерттеуден өтті.
Қан айналымы жүйесі ауруларын (артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы), қант диабетін, глаукоманы, сүт безі қатерлі ісігін, жатыр мойны қатерлі ісігін, колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған скрининг шеңберінде анықтау ауру жағдайларының 1,4% құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,2% құраған еді.
Анықталған науқастардың ішінен ҚР ересек тұрғындарының мақсатты топтарының 83,9% диспансерлік есепке алынды, бұл 2021 жылмен салыстырғаннан төмен (84,5%).
49,8% сүт безі қатерлі ісігінің скринингінің бөлігі ретінде анықталған сүт безінің қатерсіз түзілімдері диагнозы қойылған, сүт безі обыры 0,4% жағдайда анықталған;
18,6% – жүрек-қантамыр жүйесі аурулары (артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы), олардың ішінде артериялық гипертензия – 16,7%, жүректің ишемиялық ауруы – 1,2%;
9,0% қатерлі ісік скринингі шеңберінде анықталған жатыр мойнының қатерсіз зақымдалуы диагнозы бар, 0,1% жағдайда қатерлі ісік анықталған;
қант диабеті 4,3% құрайды;
1,3% қатерлі ісік скринингінің бөлігі ретінде анықталған тоқ ішектің қатерсіз ісіктері, 0,1% жағдайда ісік анықталған;
глаукома 1,2% жағдайда анықталды.
2022 жылы 5 102 671 (90,7%) балалар тексерумен қамтылды. 2021 жылы 4 561 508 (81,4%) бала тексерілген еді. 2022 жылы 2021 жылға қарағанда 9,3%-ға көп балалар тексерілді.
0-ден 18 жасқа дейінгі балалар арасында 437 728 науқас анықталды, бұл 8,6%-ды құрайды. 2021 жылы 335 961 ауру анықталды, бұл 7,4% құраған болатын. Анықталған науқастардың ішінен 145 976 (33,4%) бала диспансерлік есепке алынды, 2021 жылы бұл көрсеткіш 39,3% құраған болатын.