Жыл сайын Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларынан 40 мыңға жуық адам қайтыс болады. Алматыда жыл басынан бері осы санаттағы аурулар 8 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10%-ға ұлғайған. Ресми мәліметтерге сәйкес, 35 пен 50 жас аралығындағы әрбір оныншы науқас жүрек ауруларымен ауырады.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының көпшілігі уақытылы анықталған жағдайда, олардың алдын алуға және табысты бақылауға болады.
Жүректің және қан айналымы жүйесінің саулығын сақтау бойынша ҚДСҰО-ның ұсынымдары:
– Теңгерімделген тамақтануды қолданыңыз. Жасұнықты жеткілікті мөлшерде жеңіз, пайдалы майлар туралы да ұмытпаңыз. Қант (тәулігіне 50 г норма) мен тұзды (күніне 5 г норма) тұтынуды шектеңіз.
– Физикалық белсенді болыңыз. Тұрақты физикалық белсенділік жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтуға көмектеседі. Күніне 20-30 минут жүру, жүзу немесе велосипед тебу сияқты аэробикалық жаттығулармен шұғылданыңыз.
– Темекі шегуден және алкогольді тұтынудан бас тартыңыз. Темекі шегу және алкогольді ішімдік ішу жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі тәуекел факторлары болып табылады.
– Жеткілікті салмақты ұстаңыз. Артық салмақ артериялық гипертензия, қант диабеті және басқа жүрек-қан тамырлары ауруларының жетілуі қатерін арттыруы ықтимал.
– Ұйқыңыз қанғанша ұйықтаңыз. Толыққанды ұйқы – стрессті басқарудың ең жақсы тәсілі.
– Жүректің саулығын бақылау үшін үнемі медициналық тексеруден және дәрігермен кеңесуден өту ұсынылады.
– Жас санаты бойынша уақытылы скринингтен өтіңіз. Бұл ауруды ерте анықтауға және қажетті шараларды уақытылы қабылдауға көмектеседі.
Қазақстанда скрининг ТМККК/МӘМС шеңберінде жүргізіледі (халық үшін тегін).