Жарты жылда 1,5 млн-ға жуық қазақстандық скринингтік тексеруден өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Ауруды талдау нәтижелері бойынша 260 мың адамға нормадан ауытқу диагнозы қойылды. Көбінесе, дәрігерлердің айтуынша, тұрғындарды қан айналымы жүйесінің, тыныс алу жүйесінің және онкологиялық аурулары алаңдатады.
Жанат Тургунбаева – 67 жаста. Мамандығы бойынша мұғалім, әрқашан салауатты өмір салтын ұстануға тырысқандығымен бөлісті. Алайда, екі жыл бұрын әйел кеуде аймағының ауырғандығынан өзін нашар сезінген. Дәрігерлер скринингтен өтуді ұсынған, содан кейін оған үшінші дәрежелі сүт безі қатерлі ісігі диагнозы қойылды.
Жанат Тургунбаева, Астана қаласының тұрғыны:
– Мұндай ауру байқатпай келеді екен. Мен ұзақ уақыт бойына ауырмадым, өзімді жақсы сезіндім және бір сәтте маған қатерлі ісік анықталды деді. Операциядан кейін бірнеше химиотерапиядан өттім. Ауырту сезімдері болып тұрады, бірақ мен толыққанды өмір сүруге тырысамын. Мен 67 жасымда жұмыс істеймін, немерелеріммен бірге тұрамын, дені сау адам сияқты өмір сүремін.
Дәрігерлер әр минут қымбат дейді. Науқас неғұрлым ертерек жүгінетін болса, адамның өмірін ұзарту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Қазір қазақстандықтар скринингтің 8 түрінен өте алады. 2022 жылдан бастап ауыл тұрғындары үшін бонус бүйрек және тыныс алу органдарының ауруларын ерте анықтауға арналған диагностиканы енгізді.
Қызмет МӘМС жүйесіндегі сақтандырылғандар үшін ғана тегін.
Гульнар Сәрсенбаева, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары:
– Онкоскринингтер бізде бөлінеді: егер жатыр мойны обыры – 30-70 жас аралығында, сүт безі обырына арналған скрининг – 40-70 жас аралығында, тоқ ішек обыры – 50 жастан бастап. Мұндай жас топтары, бұл санаттарда аурудың ерте басталуын анықтау ықтималдығы жоғары болғандықтан. Биыл 3,5 млн қазақстандық скринингтен өтуі тиіс. Жартысынан азы тексерілді. Нормативтік көрсеткіштерден ауытқулар 260 мың адамнан байқалды.
Барлық диагноздардың оннан бір бөлігі онкологияның еншісінде: жарты жылда 22 мың жағдай. Алайда, сарапшылардың пікірінше, елде аурудың ерте анықталу пайызы өте төмен. Негізгі себеп – медицинадағы ескірген тәсілдер.
Лейла Ишбаева, MMG компаниялар тобының жетекшісі:
– Скринингтің мәні – аурудың ерте сатысын өткізіп алмау. Ал бізде қолданылатын әдістер, әдетте, өте ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан біздің міндетіміз – міндетті скринингтер санын азайту, бірақ оларды сапалы ету, яғни анықтау пайызын ұлғайту. Елдегі скринингтік жүйе жаңартуды қажет етеді. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі де мойындайды. Онда онкологиялық қызметті дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленді. Барлық өңірлердегі онкологиялық орталықтарды жаңғырту, жаңа жабдықтар мен химия препараттарын сатып алу, сондай-ақ мамандарды оқыту жоспарлануда. Оған шамамен жарты миллиард теңге жұмсалады.
Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
– Біз не күтеміз? Қатерлі ісіктің ерте диагностикалынуын арттыру. Бүгінде ол шамамен 30% құрайды. Бұл көрсеткіштер 35%-ға дейін ұлғаяды деп үміттенеміз. Жоспарды іске асыру жаңа жылдан басталады. Қазақстандықтар тек мегаполистерде ғана емес, барлық облыс орталықтарында онкологиялық көмек ала алады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі балалар қатерлі ісігін емдеуді жақсартуға уәде береді.
Гүлдана Қален, корреспондент:
– ДДСҰ мәліметтері бойынша адам денсаулығы 20% ғана денсаулық сақтау саласына тәуелді. 30% бұл тұқым қуалайтын факторлардың ықпалы. Алайда негізгі компонент – бұл біздің өмір салтымыз. Темекі мен алкоголь сияқты жаман әдеттер, физикалық белсенділіктің болмауы қажетсіз аурулардың пайда болуы мен жетілуін күшейтеді. Дені сау болу – бұл таңдау!
Дереккөз: Хабар24