Жас – бұл өткенді түсіну туралы ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер, сапалы, толыққанды өмір сүруді түсіну болып табылады.
10-11 қазанда Португалияның Лиссабон қаласында өткен ДДСҰ-ның еуропалық аймағында салауатты қартаю мүддесіне арналған жаңа саяси тәсілдерді іздеу жөніндегі аймақтық саммит осы тақырыпқа арналды.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Калмакова саммитте Қазақстанның салауатты қартаю тұжырымдамасын ілгерілетудегі тәжірибесімен бөлісті: «Біздің елімізде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді. Мемлекет қарттардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша кірістерді қорғауды, қолжетімді медициналық көмекті, белсенді ұзақ өмір сүруді және кедергісіз ортаны ілгерілету саласында жұмыстар жүргізуде. Біздің еліміздің халқының 7,5% -ы 65 жастан асқан».
ДДСҰ елдік кеңсесінің басшысы, доктор Скендер Сыла төмендегідей мәлімдеме жасады:
«Салауатты қартаю 2024-2025 жылдарға арналған кезеңде ДДСҰ-ның елдік кеңсесінің басым бағыттарының бірі болады.
ДДСҰ-ның елдік кеңсесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және серіктестерімен бірлесіп жергілікті және республикалық деңгейлерде эйджизм деңгейін төмендету бойынша барлық күш-жігерін салады. Біз адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін үкімет, білім беру, медиа, азаматтық қоғам, БҰҰ агенттіктері және басқа да кәсіпқойлар секторларын біріктіру бойынша жұмыс істейтін боламыз. Ешкім назардан тыс қалмайды».