“Соңғы жасаған секвенирлеу әдісі нәтижесінде осы короновирус жұқпасының қоздырғышының әртүрлі, оның ішінде Омикрон, сонымен мына осы күнгі 70-тен астам мемлекет, бүгінгі күні халқымыздың арасында Эрис түрінде атап өткен қоздырғыштың түрін біздің мемлекетімізде де оның ішінде мына миграциясы жоғары үлкен Алматы, Астана қалаларындағы науқастар арасында анықталып отыр. Осы зерттелген сынамалардың 25% осы соңғы 70-тен аста мемлекетте тіркельген Эрис, Омикронның бір түрі соңғы айналымдағы түрін атап өтетін болсақ әрине бұл біздің соңғы біздегі күн салқындауына байланысты, оқу және басқа коллективтердің жаңа ұйымдастырылған ұжымдардың көбеюіне байланысты адамдар тығыз шоғырланған жерде вирус өзінің қоршаған ортада қалыптасу қабілетін жоғарылата бастайды. Әрине көптеген мутацияларға ұшырап отырады. Бұл коронавирус жұқпасының адамзат популяциясына келген жаңа вирусы.
Соңғы 3 жылдың айналасында вирус, әрине ол біздің маусымдық вирустардың қатарына еніп жатыр. Әрине ол өзінің соңғы кездегі өзгеріске ұшырауына байланысты халық арасында мына ауруды қандай ауыр/жеңіл түрде өткізіп жатқанына біз көңіл бөлуіміз қажет. Мына атап өткен Эрис жұқпасының клиникасы соңғы коронавирус жұқпасы сияқты ауыр өтіп жатқан жоқ. Яғни жоғарғы тыныс жолдарын көбінесе зақымдап, түшкірү, аздап жөтел пайда болу мүмкін, әрине мұрын, ауыз қуысының қабынуымен болатын көріністерге байланысты. Көп жағдайда бұл науқасты емханаға жатқызуды талап етпейді.
Бүгінгі күні тек қана коронавирус жұқпасына қарсы вакцинация ғана емес, жалпы жыл сайын бізде халқымыз арасында болатын тұмауға қарсы вакцинаны алуға ұмытпауымыз керек.
Мемлекет тарапынан 2 миллиардтан артық қаржы бөлініп 2,5 миллионнан аса вакцина сатып алынды. Соңғы екі апта ішінде 530 мың вакцина халық арасында қамтылып жатыр. Үлкен ұжымдарда бұл жұмысты әлі де тездетуіміз қажет. Себебі тұмау тез тарап кететін болса, онда халықтың денсаулығына тигізетін әсері өте жоғары, әсіресе жасы үлкен азаматтарда және жас балаларда сонымен қатар бұрыннан созылмалы аурулары бар оның ішінде жүрек қан тамырлары, иммунитет жүйесі, тыныс алу жүйесінен асқынулар өте жоғары болу мүмкін”, – Айнагул Куатбаева, ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖМК РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының директоры