2023 жылғы 5-6 қазанда Астана қаласында “Жаһандану жағдайындағы жұқпалы аурулар: сын-тегеуріндер мен шешімдер” атты инфекционистер мен эпидемиологтардың III Қазақстандық Конгресі өткізілуде.
Конгресс шеңберінде Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау, микробқа қарсы төзімділік, вакцинопрофилактика, сондай-ақ зертханалық диагностика мәселелерін талқылау бойынша жұмыс ұйымдастырды, олар ғалымдарды ғана емес, практик дәрігерлерді де қызықтырды.
COVID-19 пандемиясы жұқпалы аурулардың құрылымы мен ағымына белгілі түзетулер енгізді. Қызылша, көкжөтел сияқты вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өзектілігі жаңарды, аса қауіпті инфекциялар – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы практикалық қызығушылық тудырады.
Конгресстің мақсаты жұқпалы аурулары бар науқастарға эпидемиологиялық қадағалау мен медициналық көмекті жетілдіру үшін мамандар арасында кәсіби шоғырландыруды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу болып табылады.
Конгресс жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДДСҰ, СДС, Регенсбург университетінің жанындағы Медициналық микробиология және гигиена институты, Германия, Роспотребнадзор эпидемиология ҒЗИ ФБУН, Ресей, Приштина университетінің “Hasan Prishtina” Медицина мектебінің өкілдері, ДДҰО, СЭҚОҒО филиалының қызметкерлері және басқа да халықаралық және қазақстандық ғалымдар қатысады.
Қазақстан Республикасындағы жұқпалы аурулар бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Басқарма Төрағасы Манар Смағұл, сондай-ақ “СЭҚЭМҒӨО” және “Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы”ҰКО және филиалдарының мамандары баяндама жасады.
Конгресс қорытындысы эпидемиология және инфекция саласындағы дәрігерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болады.