Саңырауқұлақтарды радиацияға тексеріңіз!

Саңырауқұлақтар – радионуклидтерді ең күшті жинақтағыштардың бірі. Олардың жекелеген түрлерінде радиоактивті цезий мөлшері рұқсат етілген деңгейден асады. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары «кептіру кезінде ол бірнеше есе артуы мүмкін» деп ескертеді.

Кез келген жерде радиациядан зардап шеккен саңырауқұлақтарды кездестіруге болады.

Ластанудың негізгі себептері – атом өнеркәсібі кәсіпорындарының шығарындылары, ядролық қаруды сынау, ядролық апаттардың салдары және бүкіл планетадағы экологиялық жағдайды нашарлатқан апаттар. Сонымен қатар, ірі кәсіпорындар атмосфераға улы заттарды шығарады, олар жел арқылы таралады және өсімдіктердің, соның ішінде саңырауқұлақтардың ластану қаупін арттыра отырып, күтпеген жерлерге жауын-шашын арқылы түседі.

Саңырауқұлақтар радиацияны жинақтау қабілеті бойынша 4 топқа бөлінетінін атап өту керек:

–   радиация аккумулятор-саңырауқұлақтар: горькушка, сақиналы қалпақ (тауық), қабанқұлақ, поляк саңырауқұлағы, майқұлақ, сары-қоңыр мүкқұлақ;

–    қатты жинайтын саңырауқұлақтар: груздьтер, қызғылт қатпаршақ, жасыл, сазқатпа;

– орташа жинайтын саңырауқұлақтар: нағыз түлкішек, қатарлы, ақ саңырауқұлақ, қайың саңырауқұлақ, терекқұлақ;

–    аз жинайтын саңырауқұлақтар: күзгі томарқұлақ, тарғыл қолшатыр саңырауқұлағы, інжу жаңбыршы.

Балғын саңырауқұлақтардағы цезий-137 мөлшері 500 Бк/кг-нан аспауы керек, кептірілген саңырауқұлақтарда 2500 БК / кг-нан аспауы керек.

Радионуклидтердің ағзаға түсу қаупін БОЛДЫРМАУ үшін сарапшылар кеңес береді:

– Қалаларда, өнеркәсіптік аймақтарда, жол жиектерінде саңырауқұлақтарды жинамау, сонымен қатар ескі саңырауқұлақтарға қол тигізбеген жақсы: олардың құрамында зиянды заттар көп. Құрғақшылықтан кейін пайда болған алғашқы саңырауқұлақтар да әсіресе қауіпті, өйткені олар зиянды элементтерді қарқынды түрде жинайды.

– Рұқсат етілмеген сауда орындарында саңырауқұлақ және жидек өнімдерін сатып алмау керек. Онда үйге радиациялық қауіпті өнімдерді әкелу қаупі бар.

– Егер нарықта жидектер мен саңырауқұлақтарды таңдасаңыз, оларды сіздің аймағыңыздағы Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында немесе СЭМҰПО радиациялық қауіпсіздік референттік зертханасында радиациялық цезийдің бар-жоғын тексеру керек.

ЕСКЕРТУ:

– Сабағы жақсы өскен саңырауқұлақтарда (ақ, қайың саңырауқұлақтары, терекқұлақ, поляк саңырауқұлағы), әдетте, саңырауқұлақ басындағы радионуклидтердің мөлшері сабағына қарағанда 1,5—2 есе жоғары болады.

– Ең алдымен, балғын саңырауқұлақтарды көп мөлшерде ағып тұрған сумен шаю керек немесе тұзды ерітіндіге батыру керек. Содан кейін оларды 30-60 минут қайнату керек, кейде сорпаны төгіп тастап (кем дегенде екі рет), содан кейін ғана жеу керек. Мұндай әрекеттер қауіпті радионуклидтердің құрамын он есе азайтуға мүмкіндік береді және орташа және аз жиналатын саңырауқұлақтардың кез-келген түрін қорықпай тұтынуға мүмкіндік береді.

– Кептірілген саңырауқұлақтарды жібіту кезінде цезий-137 мөлшерін екі есе азайтуға кететін уақыт 6-12 сағатты құрайды. Кептірілген саңырауқұлақтардағы радиоцезий құрамын барынша азайтуға оларды 2-3 рет суға салып, содан кейін 2-3 рет қайнату арқылы қол жеткізуге болады.