Қоғамдық денсаулық сақтауда ТЖ жедел орталығының директоры Ж. Т. Ерубаевтың “МИР” телеарнасы үшін қызылша жөнінде эпидемиологиялық жағдай бойынша 2023 жылғы 22 қыркүйектегі сұхбаты
Қоғамдық денсаулық сақтауда ТЖ жөніндегі жедел орталықтың директоры Ж. Т. Ерубаевтың “МИР” телеарнасы үшін эпидемиологиялық жағдай бойынша 2023 жылғы 22 қыркүйектегі сұхбаты.
27.09.23 ж. Қазақстан Республикасында қызылшаның 7110 расталған жағдайы тіркелді.
Өткен аптада қызылшаның 912 жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 20%-ға көп.
Ауырғандардың 70%-ы вакциналанбаған.
Маусымдық ЖРВИ және тұмау, сондай-ақ COVID-19-бен аурушаңдық кезіндегі қызылша эпидемиясының жағдайы дәрігерлерді алаңдатады.
Қызылша ағзаны жаңа инфекцияларға әлсіз ете отырып, иммундық жадты өшіру қабілеті арқылы танымал. Ол вакциналаудан немесе бұрын ауырған аурулардан кейін жинақталған иммунитетті жоя алады, бұл ЖРВИ, тұмау және COVID-19 сияқты басқа инфекцияларға шалдығу қаупін арттырады.
Эпидемиологтар инфекциялардың пайда болу және таралу қаупін азайту үшін әлі толық вакциналаудан қорғалмаған балаларды белсенді вакциналауға шақырады.
Дереккөз: “МИР” телеарнасы