ДДҰ-ның мәліметтері бойынша 2023 жылдың қыркүйегіне қарай әлемде 770 миллионнан астам расталған COVID-19-бен аурушаңдық және одан 6,9 миллионнан астам өлім тіркелді.
Жалпы ДДҰ 2023 жылдың бесінші мамырында әлемде COVID-19 пандемиясының аяқталғаны туралы жариялағаннан бері барлық елдерде коронавирустық инфекция мен одан болатын өлім-жітімнің төмендеуінің тұрақты беталысы байқалды.
Сонымен қатар ДДҰ-ның соңғы деректеріне сәйкес 2023 жылдың 31 шілдесі мен 27 тамызы аралығында әлемде COVID-19 ауруының 1,4 миллионнан астам жаңа жағдайы және одан 1800-ден астам өлім тіркелді.
Алдыңғы 28 күндік кезеңмен салыстырғанда COVID-19 ауруы 38%-ға өсті, сонымен бірге бұл инфекциядан өлім-жітім 57%-ға төмендеді.
Соңғы бақылау кезеңінде аурушаңдық 31.07-27.08.2023 кезең аралығында алты аймақтың ішінен әлемнің үш аймағында, соның ішінде американдық, еуропалық және Батыс Тынық мұхиты аймақтарында өсті. Үш аймақта – Африка аймағында, Шығыс Жерорта теңізі мен Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтарында осы кезеңде ауру азайды.
Аурудың өсуі EG.5 коронавирусының жаңа штаммының, оның ішінде Ұлыбритания мен Үндістанда белсенді түрде таратылатын жаңа EG.5.1 қосалқы түрі (бейресми атауы “Eris” немесе Эрис) таралуымен байланысты.
Алғаш рет “Eris” ағымдағы жылдың ақпан айында анықталды және қазіргі уақытта осы түрлерін жұқтыру жағдайлары әлемнің 50 елінде тіркелді.
Еуропалық аймақта “Eris” алғаш рет 2023 жылдың 31 шілдесінде Ұлыбританияда анықталды. Қазір бұл “Коронавирустың” “Арктур” деген түрінен кейінгі екінші ең көп таралған түрі. Бұл Ұлыбританиядағы COVID-19 жағдайының 12% немесе әрбір 10-жағдайын құрайды. Тек 2023 жылдың 4-27 шілдесі аралығында Ұлыбританиядағы жағдайлардың жалпы саны 200 000 адамға өсті.
Үндістанда “Eris” ағымдағы жылдың мамыр айында Махараштра штатында анықталды, ал келесі 2 айда (маусым, шілде) коронавирустық инфекциямен аурудың жоғарылауы байқалмады. Штаммның осы түрінен туындаған елдегі аурушаңдықтың артуы 2023 жылдың тамызынан бастап байқалады.
“Eris” вирусының ең жиі кездесетін белгілері: мұрыннан су ағу, бас ауруы, шаршау, түшкіру және тамақ ауруы.
ДДҰ мәліметтері бойынша “Eris” тудыратын аурудың ауырлығы 2021 жылдан бері айналымдағы басқа “Омикрон” тудыратын аурулардың ауырлығынан ерекшеленбейді.
Қазіргі уақытта “Eris” бұрын таралған “Омикрон” вирустарымен салыстырғанда ауыр ауруды тудыратыны туралы ешқандай дәлел жоқ және қауіптің жалпы деңгейі төмен болып қалады.
COVID-19 ауруының өсуіне қарамастан, “Eris” тудырған үш аймақта бүкіл әлемде өлім-жітім төмендеуде.
EG.5.1 (“Eris”) вирусымен бірге жүретін EG.5 штамының таралуының артуына байланысты ДДҰ оны мониторингілеуге арналған штамдар тізімінен ДДҰ-ның қызығушылығын тудыратын штамдар тізіміне ауыстырды, бұл оның таралуы мен инфекцияның барысын мұқият бақылауды білдіреді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының вирустық инфекциялар жөніндегі ұлттық референс-зертханасы COVID-19 пандемиясы кезеңінде секвенирлеу жүргізді және 2058 сақталған Omicron геномдарын (B. 1.1.529) “GISAID” халықаралық электрондық деректер базасына жүктеді.
Сонымен қатар жүргізіліп жатқан зертханалық зерттеулерге сәйкес коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастардың материалдары 2023 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстанда “Eris” вирус түрінің айналымы осы уақытқа дейін белгіленбеген.
Пандемия басталғаннан бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейінгі барлық кезеңде Қазақстанда COVID-19 (КВИ+ және КВИ -) 1 504 832 жағдай және одан 19 267 өлім тіркелді.
2023 жылдың сегіз айында 10 617 жағдай тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38 есе аз, онда 403 941 жағдай тіркелген. 10 617 науқастың 26-сы қайтыс болды, өлім-жітім 0,2%-ды құрады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанда COVID-19 ауруының өсуі байқалады, 335 жағдай тіркелді, осы жылдың шілде айында 235 жағдай тіркелді. Тамыз айында аурушаңдықтың өсуі 42%-ды құрады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында елде COVID – 19-бен аурушаңдықты одан әрі динамикалық бақылау тамыз айында аурушаңдықтың ұлғаюы уақытша құбылыс немесе тұрақты өсу үрдісі болып табылатынын анықтауға мүмкіндік береді, бұл елдегі коронавирустық инфекциямен аурушаңдықтың жаңадан өршуін көрсетуі мүмкін.
Қазіргі уақытта әлемде COVID-19 пандемиясының аяқталуына байланысты республиканың денсаулық сақтау министрлігі осы инфекцияға қатысты барлық карантиндік-шектеу шараларының күшін жойды және тұрақты түрде тек Covid-19-бен аурушаңдықты мониторингілеуді және Қазақстан мен әлем елдерінде инфекция қоздырғышының (SARS-CoV-2) және оның түрлерінің айналымын зертханалық қадағалауды және басқа да шараларды жүзеге асырады.
Сонымен қатар халыққа коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу мақсатында тұмаудан және басқа ЖРВИ-дан қорғауға көмектесетін келесі қарапайым ережелерді сақтау ұсынылады, атап айтқанда:
– дұрыс ұйықтауды, оның ішінде ақуыздарға, дәрумендерге және минералдарға бай тағамдарды тұтынуды сақтау;
– белсенді дене белсенділігін ұстану;
– түрлі бұқаралық іс-шараларға бармау;
– бетперде кию, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көліктерде және т. б.;
– жедел респираторлық аурулардың белгілері (жөтел, түшкіру, мұрыннан су ағу) бар адамдармен байланыста болудан аулақ болу;
– көшеден келгеннен немесе адамдармен тығыз байланыста болғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
– тұрған үй-жайларды жиі желдетіп, жуатын және зарарсыздандыратын құралдарын қолдану арқылы ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу.
Covid-19 ауруының алдын алудың ең тиімді жолы мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың екпе егу орталықтарында жүргізілетін вакциналау болып табылатынын ерекше атап өту қажет.