Алматы қаласында 2023 жылғы 11-15 қыркүйек аралығында жедел әрекет ету топтарын озық оқыту бағдарламасы бойынша тренинг өтті. Тренингке Қоғамдық денсаулық сақтауда ТЖ жөніндегі жедел орталықтың директоры Ж. Т. Ерубаев және Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Қ. О. Текебаев қатысты. Сондай-ақ, тренингке аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, ауыл шаруашылығы министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Тренинг Ауруларды бақылау орталығының (CDC) қолдауымен ұйымдастырылды.
Курс қатысушылары Қазақстан Республикасындағы жедел әрекет ету топтары үшін өзекті келесі тақырыптар бойынша материалдар мен презентациялар дайындады:
- МСХЕ тұжырымдамасы және төтенше жағдайларға ден қоюдың өңірлік стратегиясы;
- Жедел әрекет ету топтарының құрамы мен рөлдерінің сценарийі;
- Күшейтуге дайындық;
- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік сценарийі;
- аурудың таралуын зерттеу;
- Ауру жағдайларын белсенді анықтау және қарым-қатынасты қадағалау;
- Төтенше жағдайлардағы деректерді басқару;
- Жедел әрекет ету топтары үшін алдын алу және инфекциялық бақылау;
- Қоғамды тарту және тәуекелдер туралы хабардар ету сценарийі;
- Алғашқы психологиялық көмек сценарийлері және басқа тақырыптар.
Тренинг аясында симуляциялық жаттығу өткізілді, онда белгісіз жұқпалы аурудың таралуы кезінде жедел әрекет ету топтарын күшейту және әрекет ету сценарийі пысықталды.