ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметкерлері 2023 жылғы 21 қыркүйекте респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың өзекті мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты, ол ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы базасында гибридті форматта (офлайн және онлайн) өткізілді.
Ұйымдастырушылар – ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Конференцияны ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Л. В. Бюрабекова, ҚР ДСМ СЭБК-ның төраға орынбасары З. Д. Ахметова және ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі доктор Скендер Сыла ашты.
Конференция жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Қазақстан Республикасындағы Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі америкалық орталықтардың өкілдері, елдің жетекші ұлттық және шетелдік ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысты. А. А. Смородинцев атындағы Тұмау ҒЗИ директоры (Санкт-Петербург қ.), И. П. Павлов атындағы ПСПбГМУ Жұқпалы аурулар және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Д. А. Лиознов (Ресей); Ташкент медицина академиясының эпидемиология, микробиология, жұқпалы аурулар орталығының медицина ғылымдарының докторы, доценті Н. У. Тәжиеваның (Өзбекстан), ҚР ДСМ бас штаттан тыс балалар инфекционисті, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Астана Медицина университетінің Балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Д. А. Баешева және басқа да қазақстандық ғалымдардың баяндамалары ұсынылды.
Конференцияда респираторлық инфекциялар: тұмау және ЖРВИ, Ковид-19, пневмококк инфекциясы және т. б. клиникасының, эпидемиологиясының, диагностикасының және профилактикасының өзекті мәселелері, вакциналауға сенумен байланысты факторлар талқыланды.
Офлайн форматта Қазақстанның барлық өңірлерінен 183, онлайн 7677 машықтанушы дәрігер, эпидемиологтар қатысты.
Конференция аясында мамандардың кәсіби пікірлері талқыланып, ғылыми-практикалық тәжірибе алмасты.