Қоғамдық денсаулық – қоғам өмірінің әлеуметтік, биологиялық, сыртқы және медициналық факторларының әсерінен қалыптасқан халықтың денсаулығы.
Халықтың қоғамдық денсаулығы көрсеткіштерінің 4 негізгі тобы бар: аурушаңдық, өлім-жітім, туу коэффициенті, өмір сүру ұзақтығы. ҚР статистикалық деректері негізінде сипатталады.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19,1 млн. адамды құрады. Қазақстанда 9,2 млн-ға жуық экономикалық белсенді халық тұрады.
Халықтың көп бөлігі (60%) қалаларда тұрады. Халықтың орташа жасы – 32 жас. Халықтың жалпы санынан жас топтары бөлінісінде балалар (0-17 жас) 6 511 171 адамды немесе 33,97% (оның ішінде мектепке дейінгі жастағы (0-5 жас) 2 422 081 немесе 12,64%), жастар (14-28 жас) 3 779 601 адамды немесе 19,72%-ды құрайды.
2022 жылы халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 13,77-ні құрады (270 370 – жалпы халықтың 1,4%-ы).
АХАТ деректері бойынша туу көрсеткіші 2022 жылы 403,9 мың адамды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 22,9 мың адамға (5,4%) аз. Жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,57-ні құрады.
Туудың негізгі үлесі 30-34 жас аралығындағы әйелдерге тиесілі және 28,6%-ды құрайды, 29 жасқа дейінгі әйелдер арасында жалпы бала туғандардың санының 58,7%-ын құрайды. Бала туған кездегі ананың орташа жасы 31,5 жасты, тұңғыш бала туған кездегі жас көрсеткіші 26,8 жасты құрады.
2022 жылы өлім-жітім 1000 тұрғынға шаққанда 6,8-ді құрады.
Бір жыл ішінде қайтыс болғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 26,8%-ға төмендеп, 133,5 мың адамды құрады. Олардың 63,8%-ы 63 жастан асқан кезде қайтыс болды. Өлімнің негізгі себептері – қан айналымы жүйесінің аурулары – 22,7%, неоплазмалар – 10,4%, тыныс алу жүйесінің аурулары – 9,8%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақат – 8,4% және ас қорыту жүйесінің аурулары – 8,0%.
ҚР ҰЭМ статистика бюросының деректеріне сәйкес туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 2022 жылы 74,4 жасқа дейін өсті.
2025 жылға қарай ҚР-да орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін өсуі тиіс деп күтілуде.
Халықтың аурушаңдығы – белгілі бір кезеңде өңірде 100 000 тұрғынға шаққанда тіркелген аурулар саны.
2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық халықтың аурушаңдық көрсеткіші 2021 жылдың ұқсас кезеңіндегі 51198,53-ке қарсы 100 мың тұрғынға шаққанда 48301,4-ті құрады.
Қазақстан Республикасы бойынша ҚАЖА (қан айналымы жүйесінің аурулары) аурушаңдығының көрсеткіші 2022 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 2759,6-ны құрады (2021 жылы 3000,6).
2022 жылы қатерлі ісіктермен аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 203,0-ді құрады (2021 жылы 189,0). Ең жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (328,6), Павлодар (325,9), Қостанай (320,5), Шығыс Қазақстан (310,1), Қарағанды (292,4) облыстарында байқалады. Алайда, аурудың өсуі онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға арналған скринингтік зерттеулер барысында анықталудың артуы арқылы түсіндіріледі.
Осылайша, табиғи өсім 2,7%-ға төмендеді.
Жалпы аурушаңдықтың 5,7%-ға, ҚАЖА-мен аурушаңдықтың 8,5%-ға төмендеуі, туу көрсеткіші 13,4%-ға, өлім-жітім 29,0%-ға төмендегені байқалады.
Сонымен қатар, қатерлі аурулармен аурушаңдықтың 7,5%-ға артқаны байқалды.
Өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа дейін өсті.
Есіңізде болсын!
Әр адамның денсаулығы оның қолында!
Конуршина Гүлжан Игембайқызы,
Скринингтік бағдарламаларды талдау бөлімінің жетекшісі
Әлімбетов Қуаныш Көпжасарұлы
Жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларын мониторингілеу бөлімінің бас маманы