“Денсаулық сақтауға арналған информатика және деректер туралы ғылым” (IDASH) шәкіртақы бағдарламасы шеңберінде ҚДСҰО-ның Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ТЖ жөніндегі жедел орталықтың директоры Ж. Т. Ерубаев “Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалы мен Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығындағы әріптестерімен бірлесіп, Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және оқыту мәселелері жөніндегі халықаралық орталық (I-TECH) пен Вашингтон штатының Университеті ұйымдастырған және Түркияда Стамбул қаласында 2023 жылдың 29-31 тамызы аралығында өткен “Деректерді визуализациялау және ақпараттық панель бойынша оқу курсы” (Data Visualization and Dashboard Bootcamp) тренингіне қатысты.
Тренинг екі негізгі элементке бағытталған: түрлі мүдделі тараптарға қажетті ақпаратты беру тұрғысынан ақпараттық панельдерді және олардың деректерді ұсынуын талқылау, сондай-ақ Power BI көмегімен визуализацияларды практикалық іске асыру.
Келесі сұрақтар:
• Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы әртүрлі мүдделі тараптар тұрғысынан деректерді визуализациялауды зерттеу және сыни талдау;
• Графиканың осы немесе басқа түрін жасау үшін деректер түрлері мен мәліметтер базасын байланыстыру және көрсету;
• Деректерге негізделген қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері туралы мағыналы түсініктерді әзірлеу тұрғысынан дербес жобаларды қарастыру;
• Деректерді визуализациялау үшін Power BI құралдарын пайдалануды қамтыды.