Оқу жылының басталуымен қызылшамен ауыратындардың саны едәуір артуы мүмкін. Қазақстанда 7 қыркүйекте қызылша ауруының 4825 жағдайы тіркелді, оның 70%-ы вакциналанбаған балалар мен жасөспірімдерге тиесілі.
Қызылшаның тез таралуына әсер ететін негізгі факторлар – балалардың жабық жерде болуы, пәндермен алмасу, оқу барысында тығыз қарым-қатынаста болуы және оқушылардың әлеуметтенуі.
Қызылшамен аурушаңдықтың өсу себебі – COVID-19 пандемиясы кезінде карантиндік-шектеу іс-шаралары кезеңінде қызылшаға қарсы жоспарлы екпелерді алмау, екпе егуді медициналық кейінге қалдыру, әртүрлі себептермен, соның ішінде діни және т.б. екпе алудан бас тарту.
Қызылшаның асқынуы бронхит, пневмония, менингит, энцефалит, отит, соқырлық сияқты өте ауыр болуы мүмкін екенін және өлімге әкелуі мүмкін екенін түсіну маңызды. Қызылша вирусына қарсы дәрі жоқ. Емдеу тек симптоматикалық болып табылады.
Қызылшаның алдын алудың жалғыз сенімді құралы — уақтылы вакциналау. Балаларды жоспарлы иммундау 12-15 ай және 6 жаста жүргізіледі.
Вакциналау үшін “Serum Institute of India” компаниясы шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы қауіпсіз, ДДҰ мақұлдаған аралас вакцина қолданылады.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы халықты денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға және әсіресе оқу жылы басталған кезде уақытылы вакциналауға шақырады.
Қызылшамен ауырған жағдайда дәрігерге жүгіну керек.
“Хабар 24″телеарнасы үшін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу және зертханаларды дамыту бөлімінің басшысы Альберт Асқаровтың сұхбаты.