24 тамыз 2023 жылы гибридті форматта (онлайн және офлайн) ҚР ДСМ “Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы” ШЖҚ РМК базасында микробқа қарсы төзімділікті қадағалау жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру тобының (бұдан әрі – МҚТ) кеңесі өткізілді.
Кеңестің мақсаты бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы талдау жасау және екінші жартыжылдыққа басымдықтарды анықтау.
Кеңес жұмысына ведомствоаралық үйлестіру тобының мүшелері қатысты.
Кеңес барысында МҚТ бойынша негізгі проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған шаралар туралы» жол картасы іске асыру жөніндегі негізгі іс-шараларды жоспарлау талқыланды.