Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту жөніндегі стратегиялық жоспарды іске асыру шеңберінде 9 тамызда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шара Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Салауатты өмір салтының Жол картасына қатысты мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыруға және халық арасында салауатты өмір салтын ынталандыруға бағытталған іс-шараларды жандандыруға бағытталған. Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым” сайлауалды бағдарламасының іс-қимыл жоспарының 91-тармағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 436 бұйрығымен бекітілген “Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын” іске асыру шеңберінде өткізілді.
Кеңес онлайн форматта өтті, оған ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А. К. Дюсенов, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Ж. А. Қалмақова және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарушы құрамының басқа да өкілдері қатысты.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің өкілдері; денсаулық сақтау, білім беру, дене шынықтыру және спорт басқармалары басшыларының орынбасарлары, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Салауатты өмір салты жол картасын енгізу, ҚР-да салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыратын ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу және бағалау, 2023-2025 жылдарға арналған халық денсаулығын насихаттауды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы базасында қоғамдық денсаулықтың жаңа моделі жағдайында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ЖЕА-ның алдын алу бойынша мамандарды оқыту мәселелері талқыланды.
Жол картасын іске асыру:
– Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтарының үлесін 2025 жылға қарай 45%-ға дейін ұлғайту.
– 2025 жылға қарай Қазақстан халқы арасында темекі шегудің таралуының 15 жастан 19%-ға дейін төмендету.
– 2025 жылға қарай балалар (0-14 жас) арасында семіздікпен аурушаңдықтың 100 мың тұрғынға шаққанда 90-ға дейін төмендету сияқты нәтижелерге қол жеткізеді деп күтілуде.