Қазақстанда ағымдағы жылы “А”гепатитімен аурушаңдықтың айтарлықтай өсуі байқалады. Ағымдағы жылдың 7 айында барлығы 1272 жағдай тіркелді, оның 40%-ға жуығын (482 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар және 14%-ын (183 жағдай) студенттер құрайды.
Осыған байланысты осы жұқпалы аурудың алдын алу әр адамның өз қолында екенін әр адам түсінуі үшін халықтың назарын осы мәселеге аударғысы келеді.
Аталған мәселе бойынша сұрақтарға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Әсемгүл Абатова жауап берді.
– Әсемгүл Шерімбетқызы, қазіргі уақытта біздің еліміздегі ” А ” гепатитінің жағдайы қалай?
Аурудың өсуі алаңдаушылық тудырады. Ағымдағы жылдың өткен жеті айында аурушаңдық 2022 жылғы кезеңмен салыстырғанда 7 есеге өскен.
Ең көп ауырғандар Алматы қаласында (276 жағдай), Астана қаласында (115 жағдай), сондай-ақ Алматы (181 жағдай), Шығыс Қазақстан (101 жағдай), Абай (99 жағдай) және Жетісу (88 жағдай) облыстарында анықталды.
Көбінесе оқу немесе жұмыс түрі бойынша ұйымдасқан ұжымдармен байланысты адамдар ауырады: барлық ауырғандардың 40%-ы мектеп оқушылары, 14%-ы студенттер, 8,4%-ы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесілі.
– Инфекция қалай жұғады? Неліктен жылы мезгілде науқастардың саны артады?
Инфекция алиментарлы (фекальды-оральды) жолмен, ауру қоздырғышы адам ағзасына залалды (ластанған) су, тамақ өнімдері, лас қол арқылы, сондай-ақ гепатитпен ауыратын адаммен тікелей байланыста болған кезде жұғады. Инфекция көзі – “А” гепатитімен ауыратын адам.
Ауру маусымдық сипатта болатындығын атап өткен жөн. Көбінесе халық жазда және күзде ауырады. Жазда бұл ыстық мезгілге және “А” гепатитінің қоздырғышын жұқтыруы мүмкін суды, көкөністер мен жемістерді көп тұтынуға байланысты. Күзде аурудың өсуі гепатитпен ауыратын балалар әкелетін ұйымдасқан ұжымдардың (мектептер, балабақшалар) қалыптасуымен байланысты.
– Бұл ауруға қандай белгілер тән?
“А” вирустық гепатиті – негізінен бауырды зақымдайтын вирус тудыратын жедел жұқпалы ауру.
Аурудың алғашқы белгілері – дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, сырқаттану, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы мен құсу, бұлшықет ауруы. Кейіннен зәр түсінің қоңырлануы байқалады, ол қатты қайнатылған шайдың түсіне ие болады, нәжіс, керісінше, түсі ағарады, дененің сарғаюы (көздің ағының, терінің сарғаюы) пайда болады.
– “А” вирустық гепатитін жұқтырудан қалай аулақ болуға болады?
Қазақстанда кеңінен тараған “А” гепатитінің алдын алудың сенімді және қауіпсіз вакциналау әдісі бар: біздің заманымызда 2 жастағы барлық балалар мен “А” вирустық гепатитінің ошақтарында байланыста болған адамдарға екпе салынады. Вакциналау жергілікті бюджет қаражаты есебінен халық үшін тегін жүргізіледі.
Әрине, ауруды болдырмау үшін жеке гигиена ережелерін сақтау керек. Ол үшін:
– тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, серуендеуден кейін, сондай-ақ отбасыңызда гепатитпен ауыратын науқас болса, науқаспен қарым-қатынаста болғаннан кейін қолды мұқият жуу;
– көкөністер мен жемістерді қолданар алдында таза ағын сумен мұқият жуу;
– тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
– азық-түлікті аранайы сату үшін белгіленбеген орындардан сатып алмау, оларды сатып алған жағдайда термиялық өңдеуден (қайнатқаннан, қуырғаннан) кейін ғана тұтыну;
– тек арнайы белгіленген жерлер жағажайларда шомылу;
– термиялық өңдеуден өтпейтін экзотикалық өнімдерді (устрицалар, мидиялар және басқа ұлулар және т. б.) тұтынбау.
Егер сізде гепатит белгілері пайда болса, өзіндігінен емделмей, дереу дәрігерге қаралыңыз. Дәрігердің барлық ұсыныстарын орындау маңызды.
Сұхбат соңында осындай пайдалы ақпарат үшін алғыс білдіргіміз келеді! Біздің әңгімеміз А гепатиті туралы хабардар болуды арттыруға көмектеседі және оның таралуын болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі деп үміттенеміз.
Құрметпен, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі.
Анықтама телефондары: 95-41-51, 8 (747) 756-59-54
Электронды пошта: press.ncoz.mz@gmail.com