Табиғатта микроорганизмдердің саны өте көп. Олардың үлкен тобын асқазан-ішек ауруларын тудыратын қоздырғыштар құрайды, көбінесе тамақтан, кір қолдан, шыбын және т.б. арқылы жұғатын жұқпалы аурулар (іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия, жұқпалы гепатит, стафилококкты интоксикация және т.б.), сонымен қатар құрт жұмыртқаларынан да берілуі мүмкін.
Қазақстанда жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз болып тұр.
Жалпы ағымдағы жылдың 5 айында жіті ішек инфекциясының 4764 жағдайы тіркелсе, оның ішінде сальмонеллездің 405 жағдайы, дизентерияның 84, ротавирустық энтериттің 623 жағдайы орын алады.
Елімізде жіті ішек инфекциясы бойынша жүргізіліп жатқан санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың артқанын көрсетіп отыр. 2023 жылдың 1-22 аптасындағы 6932 жағдайға (100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық 31,3) қарсы 2022 жылы 6702 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 32,8) тіркелген. Сонымен бірге аурушаңдық апта сайын, әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында артып келеді.
Жіті ішек инфекциясының инкубациялық кезеңі әдетте бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады.
Жіті ішек инфекциясымен ауру қаупі жылдың ыстық мезгілінде күрт арта түседі, аурулардың көпшілігі осы уақытта тіркеледі.
Ішек инфекцияларының негізгі берілу жолдары:
1. Тамақ арқылы – ластанған тағамды жегенде.
2. Су арқылы – лас суды ішкенде немесе жұтқанда.
3. Тұрмыстық жанасу арқылы – инфекция көзімен тікелей байланыс жасағанда (науқастың күтімі, немесе тұрмыстық заттар – ыдыс-аяқ, жиһаз, құрал-сайман, төсек-жабдықтары арқылы).
Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды ішек инфекцияларынан қорғау үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау керек:
– су мен тағам өнімдерінің сапасына күмәнданатын болсаңыз, әсіресе белгіленбеген жерлерде қолдан сатылатын өнімдерді пайдаланбау;
– тек таза (бөтелкедегі) немесе қайнатылған суды ішу;
– көкөністер мен жемістерді таза ағынды сумен мұқият жуып, ыстық сумен шайып тастау керек;
– жеке бас гигиенасын сақтау – дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында және т.б. қолды сабынмен жақсылап жуу;
– сүт (қапталмаған немесе бөтелкесіз) міндетті түрде қайнатылған болуы керек, ет, балық, құс және құс жұмыртқалары мұқият термиялық өңдеуден (қайнатылған немесе қуырылған) болуы керек;
– тамақ пісіру кезінде тек жаңа өнімдерді пайдаланыңыз;
– тамақты тоңазытқышта сақтау кезінде тез бұзылатын өнімдердің тауарлық жақындығын қадағалаңыз және олардың жарамдылық мерзімін бақылаңыз;
– шикі және қайнатылған көкөністерді, ет пен балықты кесу үшін бөлек кесу тақталарын қолданыңыз;
– бомбажды және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен консервілерді сатып алмаңыз және пайдаланбаңыз.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы
Жұқпалы аурулардың алдын алу
департаментінің бас маманы Е. Курбанбекова