Терек мамығы маусымдық аллерген болып табылады, одан тіпті аллергиялық реакцияларға бейім емес адамдар да зардап шегеді.
* Реңкілік иісмайды пайдаланбауға, тек жеңіл минералды опаны ғана қолдануға тырысыңыз. Сонда шаң мен мамық теріге жабыспайды.
* Күннен қорғайтын, не болмаса жай көзілдірік болса да киіңіз: олар көздің шырышты қабығын мамықтан қорғайды.
* Егер жанаспалы линза киіп жүрсеңіз, одан біраз уақыт бас тартыңыз. Егер мамық оның астына түссе, көшедегі зиянды және ауыртатын дәнектен құтылу қиын болады. Тіпті мамықты шығара алсаңыз да, онымен бірге линзаның астына кір кіріп, одан құтылу әлдеқайда қиын болуы мүмкін. Егер линзалардан бас тарту мүмкін болмаса, онда күннен қорғайтын көзілдірік киіңіз.
* Күннің қызған кезінде далаға шықпауға тырысыңыз: сағат 11-ден 18-ге дейін терек мамығы өте жоғары және қатты ұшады. Неғұрлым жылы болса, соғұрлым жоғары көтеріледі.
* Аллергендердің ағзаға түсуін азайту үшін маска киюге болады.
* Көшеден оралғанда бетіңізді жуыңыз, душқа түссеңіз тіпті жақсы, мұрныңызды физиологиялық ерітіндімен шайыңыз.
МАҢЫЗДЫ!
Поллиноздың жиі кездесетін белгілері (тозаң аллергиясы немесе басқа тітіркендіргіштер):
– Көздің жасаурауы, қызаруы, “көзге құм түскендей” сезіну, жарыққа төзбеу, қабақтың ауырсынуы мен ісінуі
– Мұрынның бітуі, қышуы, мұрыннан су ағу, суық сезінбестен жиі түшкіру.
– Терінің қышуы, кейде ісіну, есекжем.
Егер осы белгілердің біреуі немесе бірнешеуінің басылмайтынын байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы