Күн өту – күн сәулесінің тікелей түсуінің әсерінен бастың қызып кетуі нәтижесінде пайда болатын ағзаның қауіпті ауыр жағдайы. Зардап шеккен адамда жүрек айнуы, құсу, мұрыннан қан кету, көру қабілетінің бұзылуы байқалып,, жүрек соғуы және тыныс алу жиілейді.
1. Бас киім – жазғы экскурсиялар мен серуендеу кезіндегі міндетті атрибут. Бас киім күн сәулесінің өтуінен қорғап, жаздың аптап ыстығына жақсы төзуді қамтамасыз етеді.
2. Қолшатыр – бас киімге балама және оған жақсы қосымша көмек құралы бола алады. Ол қосымша көлеңке мен салқындықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл өте ыңғайлы, өйткені оның астында бірнеше адам ыстықтан жасырыына алады.
3. Күннен қорғайтын көзілдірік – көру қабілетіңізді жарқын жарық пен ультракүлгін сәулелерден қорғауға көмектеседі.
4. Су – жаз мезгілінде таптырмас серік. Оны өзіңізбен бірге алып, мүмкіндігінше жиі ішуді ұмытпаңыз, бұл ағзаның сусыздануынан құтылуға көмектеседі. Оның қантсыз шырындар, жеміс сусындары, шөптер мен жеміс шайлары болғаны жақсы.
5. Көк шай. “Неліктен көк шай?”- деп сұрасаңыз. Себебі, көк шай адам ағзасынан тұзды кетірмейді, демек, сіз одан кейін суды аз ішкіңіз келеді және шөлді ұзақ уақыт баса тұруға болады.
6. Ашық түсті киім – мүмкіндігінше ауаны жақсы өткізетін табиғи маталардан тігілген ашық, ауаны жақсы өткізетін ақ түсті киім киіңіз. Ашық аяқ киім аяққа жақсы сәйкес келеді, ал дымқыл орамалды иығыңызға орап алуға болады, осылайша сіз өзіңізді ыстықтан сақтайсыз.
7. Желпуіш – портативті желдеткішке қарапайым балама. Көлемі шағын және батареялардың таусылу мүмкіндігі болмайды.
8. Күннен қорғайтын крем – дәл осы сіздің теріңізді ультракүлгін сәулелерден және шамадан тыс күюден қорғауға көмектеседі. Сондықтан, тіпті қысқа серуендеуге шыққанда да, күнге күйіп қалмас үшін оны қолдануды ұмытпаңыз. Күн сәулесінде мүмкіндігінше ұзақ уақыт болу үшін жоғары SPF факторы бар кремдерді таңдаңыз.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы