2023 жылғы 18-19 мамыр аралығында Тәжікстанның Душанбе қаласында “Трансшекаралық ынтымақтастық пен коммуникацияны жақсарту арқылы денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік жөніндегі өңірлік диалог” тақырыбында Орталық Азия елдерінің өңірлік кеңесі өтті. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ТЖ жөніндегі жедел орталықтың директоры Жәнібек Ерубаев пен ҚР ДСМ-ның Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкерлері қатысты.
Мақсаты – Халықаралық медициналық-санитариялық ережелеріне сәйкес Орталық Азия елдері (бұдан әрі – ОА) арасындағы трансшекаралық үйлестіру мен коммуникацияны техникалық қолдау және ресурстарды жұмылдыруға жәрдемдесу арқылы арттыру.
Сондай-ақ, бұл кездесудің міндеттері:
1. ОА елдері арасындағы ОА елдерінде шекарада санитарлық қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру саласындағы прогресс туралы диалогты ынталандыру, жаңа өңірлік бастамалар мен қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабардар ету;
2. Ақпарат алмасу, трансшекаралық коммуникация, жауапты шаралар және төзімділік бойынша жүзеге асырылатын бастамалармен өзара байланыс арқылы трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен іс-шаралардың негізгі компоненттерін көрсете отырып, соңғы іс-шара негізінде трансшекаралық ынтымақтастық және коммуникация жөніндегі өңірлік жол картасын әзірлеуді жалғастыру.