10 мамырда қоғамдық денсаулық сақтау саласында санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын эпидемиолог дәрігерлерді оқытудың алғашқы ағымы басталды.
Оқыту “Шеврон”компаниясының қаржылық қолдауымен COVID-19 эпидемиясына қарсы іс-қимыл және Қазақстанда инфекцияның алдын алу және инфекцияны бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ICAP жобасы шеңберінде жүргізіледі.
ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің атынан курсқа қатысушыларды Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы Зекенова Арай Рымғалиқызы қарсы алды, ИАИБ проблемасының өзектілігін, осы санаттағы тыңдаушыларды оқытудың маңыздылығын атап өтті.
– Бүгінгі таңда бүкіл әлемде және оның ішінде біздің елімізде денсаулық сақтау жүйесінде МККБИ-дің өзектілігі мен маңыздылығы артып келе жатқаны байқалады. Бұл медицина қызметкерлері тарапынан да, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан да мұқият назар аударуды талап етеді.
“Халықаралық бағдарламаларға арналған орталықтар” корпорациясының Қазақстандағы филиалынан тыңдаушыларды Алмат Маратұлы Джувашев құттықтады: “… ең үздік тәжірибелерді ескере отырып, пайдалы білім алу қажет, сондықтан 2021 жылдан бастап ҚДСҰО-мен бірлесіп ИАИБ-тың негізгі компоненттері бойынша 78 стационарға ситуациялық талдау жүргіздік, нәтижесінде эпидемиологиялық әл-ауқат саласындағы білімді күшейту қажеттігі туындады. 2021 жылдың соңында ҚДСҰО-мен бірлесіп эпидемиолог дәрігерлерді оқытуды бастады, биыл бізде ҚДСҰО мен СЭБК-нің осы санаттағы дәрігерлерді оқыту жөніндегі бастамасын және “ИАИБ жүйесін жетілдіру туралы” 2022-2027 жылдарға арналған жоспарды іске асыру мақсатында қолдау мүмкіндігі пайда болды”.
Оқуға қатысушыларды құттықтай отырып: ҚР ДСМ ҚДСҮО Басқарма төрағасының м. а., м. ғ. к. Қалмақова Жанар Амангелдіқызы: «Бүгін сіздер үшін маңызды “Инфекцияның алдын алу және инфекцияны бақылау, МККБИ-ді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері” тақырыбында оқыту курсын бастайсыздар, 8 кредит көлемінде, 240 сағат болады. Циклдің ұзақтығы 2 айды құрап, аралас форматта өтеді. МККБИ-ді эпидемиологиялық қадағалаудың заманауи ғылыми дәлелденген әдістерін алу және енгізу медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияның алдын алудың негізі болып табылады.
Біздің жинақтаған тәжірибеміз бен iCAP-пен бірлесіп әзірленген “Инфекцияның алдын алу және инфекциялны бақылау, МККБИ-ді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері” тақырыбындағы білім беру бағдарламасы сіздің практикалық қызметіңізде пайдалы болады деп үміттенемін”.
ҚР ДСМ ҚДСҰО-ның Басқарма Төрағасы кеңесшісі, б.ғ. д., проф. ОБ-ны үйлестірушісі Имашева Бағдат Сәкенқызы бағдарламамен оқытуға қойылатын талаптармен таныстырды. 2021 жылғы 26 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ҚДСҰО-ның мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру ұйымдарының тізбесіне енгізілгендіктен, тыңдаушылардың осы санатын оқытуға құқығымыз бар екенін атап өтті. Модульдер тізбесі ҚР ДСМ СЭБК-мен келісілді, тақырыптар сұранысқа ие болады деп үміттенемін. Бірінші оқу ағыны аяқталғаннан кейін біз екінші ағынды жалғастырамыз. Ол курс қатысушыларына жемісті жұмыс, сындарлы диалог пен тиімді өзара іс-қимылдың болуына тілек білдірді.