2023 жылғы 3-13 сәуір аралығында Грузияда “Информатика және денсаулық сақтау деректері туралы ғылым” (IDASH) стипендиялық бағдарламасының оқыту семинары өтті.
Тренингке Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі жедел орталықтың директоры Жәнібек Ерубаев және ҚДСҰО-ның “СЭСжМҒПО” филиалының Инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының бас маманы, дәрігер-эпидемиологы Заңғар Тұрлиев қатысты.
IDASH — қоғамдық денсаулық сақтау информатикасы немесе деректер туралы ғылым саласында ұлттық деңгейде жұмыс істейтін орта және жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау техниктері мен талдаушыларына арналған 12 айлық инновациялық және сертификатталған оқыту бағдарламасы.
Бағдарлама халықтың денсаулығын жақсарту үшін сенімді және уақтылы ақпаратты жинау, басқару, талдау, тарату үшін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану саласындағы қоғамдық денсаулық сақтау кадрларының құзыреттілік деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Вашингтон университеті Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Украина және Өзбекстан үкіметтерімен серіктес елдермен бірлесе отырып, цифрлық технологиялар арқылы адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту және елдерге қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюда көмек көрсету мақсатында осы стипендиялық бағдарламаны әзірледі.