Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады. Твиттердегі парақшасына: «Бүгін – Дүниежүзілік Денсаулық cақтау күні. Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз. Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайды» деп жазды.
Дереккөз: https://qazaqstan.tv/news/174150/