ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен “ҚР-дың салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарының үлесін бағалау” ұлттық зерттеуін жүргізді.
Зерттеу 2021-2025 жылдарға арналған “Дені сау ұлт” әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылды және ҚР 14 облысында және республикалық маңызы бар 3 қалада (Астана, Алматы, Шымкент) өткізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша “Қазақстанның салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарының үлесі (пайыз)” көрсеткіші 2021 жылға есептелді, ол халықтың салауатты өмір салтын ұстануының мінез-құлық қауіп факторларының үйлесімін білдіретін интегралды көрсеткіші салауатты өмір салтының шартты сипаты болып табылады және бірнеше компоненттерді (темекі шегу, көкөністер мен жемістерді тұтыну, дене белсенділігін) қамтиды.
Ұсынылған есеп көрсетілген кешенді көрсеткіш және жекелеген индикаторлар бойынша ақпаратты қамтиды. Жалпы республика бойынша Қазақстанның салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарының үлесі 23,2%-ды құрады. Алдыңғы ұлттық зерттеулерге сәйкес (2015 ж.) бұл көрсеткіш 19%-дан аспады, бұл халықтың салауатты өмір салтын ұстануының соңғы жылдары айтарлықтай өскенін көрсетеді.