Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Елдік кеңсесінің қолдауымен республиканың 5 қаласында (Алматы, Қарағанды, Орал, Талдықорған, Павлодар) иммундау, оның ішінде COVID-19-ға қарсы иммундау мәселелері бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу аясында фокус-топтарда: жоспарлы иммундауды талқылау үшін медицина қызметкерлерімен (дәрігерлер және орта медицина қызметкерлері), қарт адамдармен (65+), кішкентай, вакциналанбаған балалардың аналарымен/қамқоршыларымен, АПВ-ға қарсы вакциналауды талқылау үшін 9-14 жас аралығындағы қыздардың аналарымен/қамқоршыларымен талқылау жүргізілді.
Зерттеудің негізгі мақсаты медицина қызметкерлерінің вакциналауды ұсынуы мен жүргізуіндегі кедергілер мен қозғаушы факторларды, сондай-ақ ата-аналарға немесе қамқоршыларға әсер ететін кедергілер мен қозғаушы факторларды зерттеу болып табылады. Сондай-ақ, бұл зерттеу Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енгізуге дайындық аясында қосымша көзқарастар білуге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері медицина қызметкерлері мен халық топтарын COVID-19-ға қарсы вакциналауды сәтті енгізуді, жоспарлы иммундауды және АПВ-ға қарсы вакцинаны енгізуге дайындықты жақсартуды қамтамасыз етуге тарту жөніндегі ұлттық және қосалқы ұлттық іс-шаралар өткізу үшін негіз болады.