Маңызды қоректік зат болып табылатын натрийді артық тұтыну кезінде жүрек ауруы, инсульт және мерзімінен бұрын өлім қаупі жоғарылайды. Натрийдің негізгі көзі – ас тұзы (натрий хлориді), бірақ ол натрий глутаматы сияқты басқа дәмдеуіштерде де кездеседі. Есепте әлем халқының тек 3%-ы натрийді міндетті түрде төмендету саясатымен қорғалғаны, ал ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің 73%-ы мұндай саясатты толық көлемде орындамайтыны көрсетілген.
Натрийді азайтудың экономикалық тиімді саясатын жүзеге асыру 2030 жылға қарай дүниежүзінде шамамен 7 миллион адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Бұл жұқпалы емес аурулардан болатын өлім жітімді азайту бойынша тұрақты даму мақсатына жету жөніндегі іс қимылдың маңызды құрамдас бөлігі. Бірақ бүгінде тек тоғыз ел (Бразилия, Чили, Чехия, Литва, Малайзия, Мексика, Сауд Арабиясы, Испания және Уругвай) натрийді тұтынуды азайту үшін ұсынылған шаралардың кешенді пакетін әзірледі.
«Дұрыс тамақтанбау бүкіл әлемде өлім мен аурудың негізгі себебі болып табылады және натрийді шамадан тыс тұтыну негізгі себептердің бірі болып табылады”,-деді ДДҰ-ның Бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейюс.
– Бұл есеп көптеген елдерде натрийді тұтынуды азайту үшін әлі де міндетті шаралар қабылданбағанын көрсетеді, оның нәтижесінде олардың тұрғындары инфаркт, инсульт және басқа да денсаулыққа байланысты қиындықтарға тап болады. ДДҰ барлық елдерді натрийді азайту үшін “Ең пайдалы сауда” енгізуге, ал өндірушілерді ДДҰ-ның азық-түлік құрамындағы натрий көрсеткіштерін пайдалануға шақырады.
Натрийді тұтынуды азайтудың кешенді тәсілі міндетті шараларды және жұқпалы емес аурулардың алдын алуға айтарлықтай ықпал ететін ДДҰ-ның натриймен байланысты ең тиімді төрт шарасын қабылдауды қамтиды. Оларға мыналар жатады:
1. Тағамдардың құрамын тұздылығы төмен етіп өзгерту және тағам өнімі мен тағамдардағы натрий құрамының мақсатты көрсеткіштерін белгілеу;
2. Ауруханалар, мектептер, жұмыс орындары және қарттар үйлері сияқты мемлекеттік мекемелерде тұзды немесе натрийге бай тағамдарды шектеу үшін мемлекеттік азық-түлік сатып алу саясатын әзірлеу;
3. Тұтынушыларға натрийі төмен тағамдарды таңдауға көмектесу үшін қаптаманың алдыңғы жағына таңбалау;
4. Мінез-құлықты өзгерту бойынша коммуникациялар және тұзды/натрийді тұтынуды азайту бойынша БАҚ-та науқан.
Елдерге ДДҰ-ның натрий мөлшері бойынша Жаһандық бақылау көрсеткіштеріне сәйкес өңделген тағамдардағы натрий құрамының мақсатты көрсеткіштерін белгілеу және осы саясаттар арқылы олардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылады.
Натрийді азайтудың міндетті шаралары тиімдірек, өйткені олар азық-түлік өндірушілері үшін тең жағдайларды қамтамасыз ете отырып, кеңірек қамтуды қамтамасыз етеді және коммерциялық мүдделерден қорғайды. Есеп шеңберінде ДДҰ-ға мүше мемлекеттер үшін натрийді азайту саясатының түрі мен санына негізделген елдің натрийді бағалау картасын әзірледі.
«Тұзды көп тұтыну қан қысымының жоғарылауына әкеледі, инсульт, инфаркт, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі, асқазан қатерлі ісігі және т. б. арттырады. Тұзды тұтынуды азайту халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту үшін елдер қабылдауы мүмкін шығындар бойынша ең тиімді шаралардың бірі ретінде танылды. Ауруды кейін емдегеннен гөрі алдын алған дұрыс. Тұзды тұтынуды азайту бойынша ұсыныстарды сақтау қажет. Ересек адам үшін күнделікті норма күніне 5 грамнан аспауы керек!”,- деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасының м. а. Жанар Қалмақова.
“Дені сау ұлт” 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде ағымдағы жылы жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында олардың құрамына сәйкес тамақ өнімдерін саралау үшін ұлттық қоректік заттардың бейіні, тамақ өнімдері мен дайын тамақ өнімдеріндегі тұздың құрамы бойынша ұлттық ұсыныстар әзірленді, халық арасында тұзды тұтынуды азайту бойынша коммуникациялық науқан жүргізілді. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп осы жұмысқа өнеркәсіптік кәсіпорындарды тарту бойынша шаралар жүзеге асырылуда. 2023 жылға тамақ өнімдерін түсті таңбалауды әзірлеу және енгізу жоспарланған.
Құрметпен, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығының баспасөз қызметі.
Анықтама телефондары: 95-41-51, 8 (778) 137-63-57
Электрондық пошта: press.ncoz.mz@gmail.com
ДДҰ байланыстары: +77017050416, gabbassovaa@who.int – Әсел Ғаббасова