Инсульт өлімнің екінші негізгі себебі және әлемдегі халық арасында мүгедектіктің үшінші негізгі себебі болып табылады. Инсультпен ауыратын науқастардың көпшілігі ауруханаға кеш түсуіне байланысты уақтылы ем ала алмайды. Инсульт егде жастағы (инсультпен ауыратын адамның орташа жасы 70 жас) адамдарға әсер етеді.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) “FAST суперқаһармандары” жобасы бойынша мұғалімдерге арналған Zoom платформасында онлайн вебинар өткізді. “FAST суперқаһармандары” білім беру бағдарламасы – әлемнің 20-дан астам елінде өткізілетін халықаралық науқан және 2 жыл ішінде 250 мыңға жуық бала оқудан өтті. Бағдарламаны Македония университетінің білім беру және әлеуметтік саясат факультетімен бірге Angels Initiative әзірлеп, Дүниежүзілік инсульт ұйымдары мақұлдаған.
Мақсаты – 5-9 жастағы балаларды инсульт белгілерімен таныстыру, бағдарламаға инсульт белгілері туралы білетін, ҚР Жедел медициналық жәрдемінің 103 нөміріне қоңырау шалып, ата-әжелер мен туыстардың өмірін сақтауға көмектесетін мұғалімдер мен балаларды тарту. Себебі балалар отбасында жаңа білімнің қайнар көзі болып табылады және ата-әжелерімен көп уақыт өткізеді. Мақсаты – көптеген балаларды ауру белгілерін білуге, нөмірді жаттап алуға және ересектерге айту үшін жобаға тарту.
м. ғ. к., ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма төрағасының м. а. Жанар Қалмақова құттықтау сөз сөйледі:
– Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз және өмірді құтқару, инсульт сияқты қорқынышты аурумен кездескен аға буынның денсаулығын сақтау сияқты өте маңызды мәселені шешуге жәрдемдесуге бағытталған осы іс-шараның барлық ұйымдастырушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз. Инсульт тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде аурушаңдық, өлім-жітім және мүгедектіктің көп болуынан жетекші орын алады. Тәжірибе көрсеткендей, инсульттан аман қалғандардың тек 8-12 пайызы ғана еңбек қызметіне оралады. Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде инсультпен аурушаңдық 1000 адамға шаққанда 2,5 – 3,5 жағдайды құрайды, өлім-жітім жылына 1000 адамға шаққанда 0,7-ден 1,8 жағдайға дейін құрайды. Қазақстанда 2021-2022 жылдары ҚР бойынша инсульт қызметі командасының күш-жігерінің арқасында 5 пилоттық мектеп пен 5000-нан астам бала қатысты. Қазір 2023 жылы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының командасы Қазақстанның барлық өңірлерінде “FAST Heroes” бағдарламасын іске қосады.
Сондай-ақ, ол инсульт көбінесе адамның өмірін “дейін” және “кейін”деп екіге бөлетінін түсіндірді. Науқасқа неғұрлым ертерек көмек көрсетілсе, адамның өмірін сақтап қалу және оны мүгедектіктен сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бұл білім беру бастамасының үлкен миссиясы да көбінесе аталары мен әжелерінің қасында болатын балаларды қиын жағдайларда дұрыс әрекет етуге және уақытында көмекке шақыруға үйрету болып табылады.
Вебинарға ҚР инсульт қызметінің үйлестірушісі, невролог-дәрігер Сабина Медуханова; Украинадағы “FAST Heroes” бағдарламасының үйлестірушісі Анастасия Клысакова; Angels бастамасының кеңесшісі Мария Шевердина, Киев қаласындағы № 315 гимназияның бастауыш мектебінің мұғалімі Герасимова Оксана, Қазақстандағы мектептердің директорлары мен оқытушылары және т. б. қатысты.
Қазақстандағы “FAST Heroes” бағдарламасының үйлестірушісі, ҚР ДСМ ҚДСҰО Жастар мен балалардың денсаулығын нығайту бөлімінің бас маманы Жансая Хамит:
– Құрметті бүгінгі вебинарға қатысушылар, осындай өзекті және маңызды жобалардың елімізде жүзеге асырылып жатқанына өте қуаныштымын! “Fast суперқаһармандары” білім беру бағдарламасы Қазақстанда белсенді жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта “Fast суперқаһармандары” жобасына Қазақстанның 20 өңірінен 20 мектеп қатысады, оның ішінде 300-ге жуық сынып және 8000-нан астам оқушы бар. Барлық мектептерді өңірлердің білім басқармалары іріктеп алды.
“Біз балаларға алған білімдерін үйде туыстарына беруге үйретеміз. Барлық мектептер осы жобаға қатысушы мектептер ретінде үлкен қызығушылық танытқанына қуаныштымын. Менің ойымша, бұл мектептің денсаулықты сақтауға деген оң көзқарасымен байланысты. Болашақта мен таңдалған 20 мектептің барлығы осы жобада белсенді жұмыс істейтініне сенемін және сіздермен үнемі байланыста боламын”, – деп қосты ол.
“Инсульт дегеніміз не?” тақырыбына Приступюк, Мария Шевердина, Angels бастамасының кеңесшілері баяндама жасады. Украинадағы “FAST Heroes” бағдарламасының үйлестірушісі Анастасия Клысакова “FAST суперқаһармандар” бағдарламасы туралы толығырақ айтып берді. Оның айтуынша, “FAST суперқаһармандары” бағдарламасы украин мектептерінде 2021 жылдың наурыз айынан бастап басталды. Мұғалімдердің жобаға кіру алгоритмі туралы Киев қаласындағы № 315 бастауыш мектеп гимназиясының мұғалімі Герасимова Оксана түсіндірді.
Балаларды оқыту кезінде басқа отбасы мүшелерінде де сауаттылықты арттыру катализаторы іске қосылады және бұл оқыту қоғамның инсульт мәселесіне дайындығын арттырудың орынды әдісі болып табылады. Алдағы оқыту семинары және Қазақстан аумағында осындай маңызды жобаны енгізу халқымыздың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі ұлттық саясатты іске асыру жолындағы үлкен қадам болады.
Құрметпен, ҚР ДСМ
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық
орталығының баспасөз қызметі.
Анықтама телефондары: 95-41-51, 8 (778) 137-63-57
Электрондық пошта: press.ncoz.mz@gmail.com