Ашық есік күні барысында 2023 жылғы 3 наурызда Астана қаласындағы №6 қалалық емханадағы “Жас Талап” жастар денсаулық орталығына ҚДСҰО-ның Жастар мен балалардың денсаулығын нығайту бөлімінің жетекшісі Д. М. Шамгунова, Жастар мен балалардың денсаулығын нығайту бөлімінің бас маманы Ж. Р. Хамит, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері Мұхтарова Н. А., Искакова Ж. А., “DiMedikal” медициналық орталығының директоры Өмірзақова К. А., Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі ұлттық бағдарламалық талдаушы Танирбергенов С. Т. және т. б. келді
Қатысушылар Қазақстандағы жастар денсаулық орталықтарын ілгерілету және дамыту бойынша қаржыландыру, кадрлар құрамы, мамандарды оқыту және т. б. өзекті мәселелерді көтерді. Ашық есік күні барысында психологпен тренинг, кенептерге суреттер салу, мамандарды қабылдау, “электрондық темекі” тақырыбында дәріс және т. б. ұйымдастырылды және өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, жастар денсаулық орталықтарында 10 жастан 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар:
• гинекология, урология, дерматовенерология саласындағы мамандардың консультациялары, сондай-ақ емдеу-диагностикалық көмек алады;
• репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша семинар-тренингтерге қатыса алады;
– жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік көмек алу, сондай-ақ орталықтардың заңгерлерінен қажетті құқықтық көмек алу мәселелері бойынша ақпарат алу және басқалар ала алады.
Жастар денсаулық орталықтары – еріктілік, қол жетімділік, ізгі ниет және сенім қағидаттарына негізделген жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру мен қызмет көрсетудің халықаралық деңгейде танылған біріктірілген жүйесі.