2023 жылғы 1-7 наурыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде Жастар денсаулық орталықтарында олардың қызметін танымал етуге бағытталған Ашық есік күндері өткізілетін болады.
Профилактикалық жұмыс жастарды ақпараттандыруға және тәрбиелеуге, олардың қауіпсіз мінез-құлқы мен қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
ЖДО өз қызметінде денсаулықты сақтауға, жасөспірімдер арасындағы қауіпті мінез-құлықты төмендетуге, әлеуметтік сүйемелдеуге және олардың құқықтарын ізгі ниет, қолжетімділік, еріктілік және сенім қағидаттары негізінде қорғауға бағытталған тиімді технологияларды пайдаланады
Қолжетімділік – жасөспірімдер мен жастардың медициналық-әлеуметтік және ақпараттық қызметтерді алуға нақты мүмкіндігі. Ол жүгіну рәсімінің қарапайымдылығына, тегін медициналық көмек көрсету кепілдіктерінің орындалуына, көрсетілетін көмектің кешенділігіне, кез келген қажетті ақпаратты алу мүмкіндігіне, жүгінген сәттен бастап көмек алуға мүмкіндік береді.
Ізгі ниет – жасөспірімнің ерекшеліктерін түсінуге және қабылдауға, құрметтеуге, төзімділікке, құпиялылықты сақтауға және өз пікірін білдіруге қолдау көрсетуге негізделген қызметкерлер тарапынан барынша мейірімді қарым-қатынас.
Сенім – қызметкерлердің достық қарым-қатынасынан, құпиялылық принципін сақтаудан және жасөспірімдер мен жастарды жеке тұлға ретінде құрметтеуден тұрады.
Еріктілік – жас адамды ауруға байланысты ғана емес, сонымен қатар профилактикалық мақсатта да дәрігерге өз бетінше, саналы түрде жүгінуге ынталандыру, сондай-ақ қызметтерді таңдауда және ЖДО мамандарының ұсыныстарын орындауда ізгі ниет білдіру.
ЖДО мамандары жұмысының маңызды бағыты өмірлік қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер мен жастарға көмек көрсету болып табылады.
Мақсаты – репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау бойынша консультациялық, емдеу-диагностикалық, медициналық-психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ дұрыс үйлесімді тамақтануды, дене белсенділігін, спортпен шұғылдануды, тамақтануды ілгерілетуді және насихаттауды қоса алғанда, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын дамыту және қалыптастыру; аурулардың, мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу (нашақорлықтың, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі, қорқорға арналған темекі, кальян қоспасы бар бұйымдарды, темекіні қыздыруға арналған жүйені, электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды, алкогольді және басқа да психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу), ақпараттық-түсіндіру жұмысы, жасөспірімдер мен жастарды денсаулықты нығайту және өмір салтына байланысты аурулардың алдын алу, оның ішінде репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша гигиеналық оқыту.
Қазақстан Республикасында жасөспірімдер мен жастарға жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық қызметтерді жастар денсаулық орталықтары көрсетеді. “Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және жастардың репродуктивті және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы” ҚР ДСМ 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-285/2020 бұйрығына сәйкес жастар денсаулық орталықтарының қызметтері:
– 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға;
– 29 жасқа дейінгі жастарға көрсетіледі.
Ақпараттық науқан шеңберінде мамандар (акушер-гинеколог, уролог, дерматовенеролог, психолог) консультациялар, психологиялық консультациялар және семинар-тренингтер өткізу арқылы репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастардың хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.
Қазақстан Республикасындағы Жастар денсаулық орталықтарының мекенжайлары hls.kz/kk/жастар-денсаулық-орталығы
Байланыс телефоны: +7 705 244 8441, Шамғунова Диана Мұратқызы — ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жастар мен балалар денсаулығын нығайту бөлімінің жетекшісі.
Құрметпен, ҚР ДСМ
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының
Баспасөз қызметі.
Анықтама телефондары: 95-41-51, 8 (778) 137-63-57
Электрондық пошта: press.ncoz.mz@gmail.com