2023 жылғы 17 ақпанда ҚДСҰО-да басым бағыттарды белгілеу және ҰТО ынтымақтастығы шеңберінде жоспарланған іс-шараларды талқылау мақсатында ДДҰ-ның Елдік кеңсесімен кездесу өтті.
Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Салтанат Назарова, Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Қанат Текебаев, Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің директоры Ермек Тобергенов, Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі жедел орталықтың директоры Альберт Асқаров, Ғылым бөлімінің жетекшісі Қуандық Асқаров, ҚДСҰО-ның СЭСжМҒПО филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева Қазақстандағы ДДҰ-ның ресми өкілі Скендер Сылаға қызметі және одан әрі жұмыс істеу жоспарлары туралы жан-жақты айтып берді.
ДДҰ-мен бірлесіп инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалау, “Салауатты қалалар” ұлттық желісі, “Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер”, зертханалар жұмысының сапасын арттыру, инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ), микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің алдын алу және басқа да көптеген жобалар іске асырылуда.
Доктор Сыла әрі қарай стратегиялық серіктеске техникалық, әдіснамалық және коммуникациялық қолдау көрсетуге дайын екендігін білдіре отырып, ҚДСҰО мен ДДҰ-ның бірлескен және үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті:
– Денсаулық сақтау жүйесі ішіндегі аса маңызды процестерге тартылған медицина қызметкерлерінің біліктілігін одан әрі арттыру маңызды, сондай-ақ халықтың өз денсаулығына қатысты хабардарлығы, сауаттылығы мен жауапкершілігі деңгейін арттыру қажет. Бұл үшін бірлескен және үйлесімді жұмыс қажет, – деді ол кездесу барысында.