ҚАЖА-ны ерте анықтауға арналған скрининг
Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтауға скринингтік тексеріп-қараумен 2021 жылы қаралуға жататын (1 544 728 адам) ересек халықтың мақсатты тобындағы 1 439 612 адам қамтылды, бұл 93,2%-ды (2020 жылы 93,67%) құрады.
ҚАЖА-мен ауыратын науқастардың 4,9%-ы (2020 жылы 4,3%) 71 217 адам анықталды.
Анықталған 61 956 адамнан “Д” есебіне 87,0% (2020 жылы 87,36%) алынды.
Облыстар бөлінісінде 2021 жылы қаралғандардың ең көп пайызы Павлодар, Түркістан облыстары бойынша 100%-ға, ең азы Қостанай (69,0%) және Маңғыстау облыстары бойынша 72,4%-ға тең келеді. Бұл ретте 2020 жылы қаралғандардың ең көп пайызы Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Түркістан облысы бойынша – 100%, Маңғыстау облысында 72,67% болды.
Облыстар бөлінісінде ҚАЖА-мен ауыратын науқастардың саны 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында 9,8%-ы байқалды. Қарағанды облысының ҚАЖА-мен ауыратын тұлғалардың үлес салмағы ең аз– 1,9%. Бұл ретте 2020 жылы облыстар бөлінісінде ҚАЖА бар анықталған науқастардың неғұрлым жоғары үлес салмағы Батыс Қазақстан облысында да 9,04% байқалды және Қарағанды облысының ҚАЖА-мен ауыратын адамдардың үлес салмағы ең аз – 0,31%.
1-сурет. 2020-2021 жылдардағы анықталған ҚАЖА ауруларының динамикасы.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша ең көп саны Қостанай және Павлодар облыстарында динамикалық байқауға (“Д” есебіне) алынды – 100,0%, ал Атырау облысында саны ең аз – 56,1%. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде “Д” есебіне алынғандардың ең көп саны Жамбыл және Ақтөбе облыстарында – 100,0%, ал Маңғыстау облысында саны ең аз – 45,39%.
2021 жылы Қазақстан Республикасы бойынша барлығы аспаптық және зертханалық зерттеу жүргізу кезінде қан айналымы жүйесінің ауруларын ерте анықтауға зерттелген (1 439 612 адам) ішінен ЭКГ зерттеу 861 724 адамға жүргізілді – 64%.
Оның ішінде ЭКГ деңгейі қалыпты 805 655 жағдай (93,5%), ал ЭКГ-патология 56 069 адамда (6,5%) анықталды.
2020 жылмен салыстырғанда қан айналымы жүйесінің ауруларын ерте анықтауға зерттелген (1 526 856 адам) ішінен ЭКГ зерттеу 976 788 адамға жүргізілді – 63,97%. Оның ішінде ЭКГ деңгейі қалыпты 931 303 жағдай анықталды (95,34%), ал ЭКГ-патология 45 485 адамда (4,66%) белгілі болды.
ЭКГ-патологиясы бар ҚАЖА пациенттерінің ең көп саны Ақтөбе облысы бойынша анықталды – 75,5%. Қостанай облысының саны ең аз – 2,7%.
2020 жылы ЭКГ-патологиясы бар ҚСК пациенттерінің ең көп саны Шымкент қаласы бойынша анықталды – 9,76%. Ақтөбе және Алматы облыстарындағы саны ең аз – 1,61%.
ҚР бойынша тексерілгендер арасында ҚР бойынша анықталған гиперхолестеринемияны талдау холестерин деңгейіне жедел тест 1 411 123 адамда (98%) анықталғанын көрсетті. Холестерин деңгейі 1 215 443 адамда (86,1%) қалыпты, ал гиперхолестеринемия 195 680 адамда (13,9%) анықталды. Ақтөбе облысы бойынша гиперхолестеринемия жағдайларының едәуір саны анықталды – 25,2%, Атырау облысы бойынша ең азы – 4,5%.
Осылайша, скринингтік тексерулердің деректері бойынша ҚАЖА-мен аурушаңдықтың динамикасы талданатын кезең 2020-2021 жыл ішінде оң нәтиже көрсеткенін, өсім 0,6%-ды құрағанын көрсетті.
Конуршина Гүлжан Игембайқызы –
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы
Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің
Скринингтік бағдарламаларды талдау бөлімінің жетекшісі.