Жасөспірімдер денсаулығының әлеуметтік маңыздылығы олардың қоғамның репродуктивті, интеллектуалды, әлеуметтік және экономикалық әлеуетін білдіретіндігінде. Қазіргі уақытта (2022 жылғы 1 қаңтарда) Қазақстанда 15-24 жас аралығындағы 2388,6 мыңнан астам адам тұрады, бұл жалпы халықтың 12,5%-ын құрайды, оның ішінде 15-19 жас аралығындағы 1286,7 мың адам, бұл ретте ауыл жастарының үлесіне жастардың жалпы санының жартысынан азы тиесілі.
Қазіргі жасөспірімдердің ерекшелігі — олардың биологиялық ерте жетіліп, ал әлеуметтік тұрғыдан кеш есеюінде.
Присущие подросткам эксперименты, поиск и риск — объясняются возрастными особенностями развития их мозга.
Бұл жасқа қауіпті, соның ішінде жыныстық мінез-құлық тән, демек, жасөспірімдерге ерекше назар аудару және олардың денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау керек.
Профилактикалық жұмыс жастарды ақпараттандыруға және тәрбиелеуге, олардың қауіпсіз мінез-құлқы мен қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы керек.
Жастардың қазіргі буыны жасөспірімдік кезеңнен қаншалықты жақсы өтетініне тек өз өмірі ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы да байланысты болады. Жасөспірімдер мен жастардың денсаулығына, біліміне, құқықтары мен мүмкіндіктеріне инвестиция салу тұрақты болашаққа кепілдік береді.
ЖДО-да өз қызметінде денсаулықты сақтауға, жасөспірімдер арасындағы қауіпті мінез-құлықты төмендетуге, әлеуметтік сүйемелдеуге және ізгі ниет, қол жетімділік, еріктілік және сенім қағидаттары негізінде олардың құқықтарын қорғауға бағытталған тиімді технологиялар қолданылады.
ЖДО мамандары жұмысының маңызды бағыты өмірлік қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер мен жастарға көмек көрсету болып табылады.
Қазақстан Республикасында жасөспірімдер мен жастарға жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық қызметтерді жастар денсаулық орталықтары көрсетеді. “Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және жастардың репродуктивті және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы” ҚР ДСМ 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-285/2020 бұйрығына сәйкес жастар денсаулық орталықтарының қызметтері:
– 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға;
– 29 жасқа дейінгі жастарға көрсетіледі.
ЖДО қызметінің мақсаты жасөспірімдер мен жастарға жоғары білікті медициналық-психологиялық әлеуметтік және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау және әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
ЖДО міндеттері:
1) жастардың салауатты өмір салтын, жауапты және саналы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
2) он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың дене және психикалық даму ерекшеліктері туралы ата аналар мен педагогтердің хабардар болуын арттыру;
3) он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және жастарға консультациялық, емдеу-диагностикалық, медициналық-психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау бойынша психологиялық-әлеуметтік және заңгерлік қызметтер көрсету;
4) он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және жастардың репродуктивті және психикалық денсаулығының ерекшеліктері туралы денсаулық сақтау ұйымдарының (облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда және елордадағы ЖДО үшін) медицина қызметкерлерінің хабардар болуын арттыру.
ЖДО қызметі жыныстық және репродуктивті денсаулық және психологиялық салауаттылық, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, жастардың денсаулығын сақтайтын қарым-қатынастары мен дағдыларын қалыптастыру мәселелерінде мақсатты топтың санасын арттыруға ықпал етеді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша республикада жасөспірімдер мен жастарға кешенді медициналық психологиялық- әлеуметтік қызмет көрсететін 191 ЖДО жұмыс істейді.
Жасөспірімдерге медициналық психологиялық-әлеуметтік көмек пен кеңес беруді гинекологтар, урологтар, дерматовенерологтар, ЖПД, психологтар, құқықтық мәселелер бойынша заңгер көрсетеді. Жастар орталықтарға өз бастамасымен (өз бетінше), маманның немесе педагогтың жолдамасы бойынша жүгінеді. Қабылдауға алдын-ала тіркелуге немесе бірден келуге болады. Қабылдауға келген жастарды алдын ала тіркеусіз сол күні “тірі кезек” тәртібімен қабылдайды. Қабылдауға сол жерде немесе телефон арқылы тіркелуге болады.
Шамгунова Диана Мұратқызы
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жастар мен балалар денсаулығын нығайту бөлімінің жетекшісі