Астанада 2023 жылғы 10 ақпанда Астана медицина университетінің базасында ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының “Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру” 91-тармағын орындауға қатысты іске асыру мәселелерін талқылау бойынша кеңес өтті..
ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов, Басқарма төрағасының м. а. Жанар Қалмақова, Басқарушы директор Майра Әбдіразақ, Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Салтанат Назарова және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары, сондай-ақ өңірлер деңгейінде салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерін үйлестіретін ҚР Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.
Жұмыс кеңесінің мақсаты – өңірлерде салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін талқылау, денсаулық сақтау басқармаларының жұмысын жандандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы жұмыс сапасын жақсарту.
Кеңеске қатысушыларға: ҚР-да салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыратын ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу және бағалау; “Қазақстанның салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарының үлесі” 2022 жылғы әлеуметтік зерттеу нәтижелері; Қостанай және Ақмола облыстарының үлгі ете отырып, “салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыру”, сондай-ақ, Қазақстандағы “Салауатты қалалар, аймақтар”, “Салауатты университеттер”, “Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер” жобаларын енгізу нәтижелері ұсынылды.
Жанар Қалмақова халықты жаппай сауықтыруға бағытталған салауатты өмір салтын жүргізу мәселелерінде халықтың хабардарлығын күшейту қажеттігін атап өтті, атап айтқанда: дене белсенділігін арттыру, темекі өнімдерін тұтынуды, алкогольді тұтынуды азайту, медициналық-санитарлық алғашқы көмек шеңберінде салауатты өмір салтын қалыптастыру, салауатты өмір салтын ілгерілету жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық жұмыс, СӨС қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі, ИЕА-ның алдын алу және СӨС қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, ЖАО-да денсаулықты нығайту орталықтарын құру, салауатты және ұтымды тамақтануға ықпал ету және т. б.
Кеңес барысында қатысушылар ұсыныстар мен тілектермен алмасты, Денсаулық сақтау саясатын іске асыру мәселелерінде қолдау білдірді, 2023 жылға арналған салауатты өмір салтын алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылады.