ҚДСҰО-да Юнисеф өкілдерімен кездесу өтті, онда тараптар 2023 жылға арналған бірлескен зерттеулердің бағыттарын талқылады
Бүгін ҚДСҰО-да Юнисеф өкілдерімен кездесу өтті, онда тараптар 2023 жылға арналған бірлескен зерттеулердің бағыттарын талқылады.
Талқылауға Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері бойынша Өңірлік кеңесші Габриэль Фонтана, Қазақстандағы Юнисеф Денсаулық сақтау бағдарламаларының үйлестірушісі Бауыржан Жүсіпов, Қазақстандағы Юнисеф балаларының өміршеңдігі бағдарламасының үйлестірушісі Анна Стативкина қатысты.
ҚДСҰО тарапынан: Басқарма төрағасының м. а. Жанар Қалмақова, Басқарма төрағасының кеңесшісі Бағдат Имашева, Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің Инфекциялық және паразиттік ауруларды мониторингілеу және талдау бөлімінің жетекшісі Қанат Текебаев және Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің бөлім жетекшісі Қуандық Асқаров қатысты.
Қазақстандағы Юнисеф өкілдеріне ҚДСҰО қызметі туралы қысқаша таныстыру ақпараты ұсынылды. Кездесуде қатысушылар ҚДСҰО Жұқпалы аурулардың алдын алу департаменті жұқпалы аурулардың қауіп факторларын бағалау, әлеуметтік зерттеулер жүргізу, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша тәуекел-коммуникация құралдарын енгізу сияқты жұмысының жоспарланған бағыттарын талқылады. Бұдан басқа, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және бақылау (МКБИАБ) саласындағы жұмыс және иммундау мәселелері қозғалды.
ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың арқасында ҚДСҰО-ның Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаменті жұқпалы емес ауруларды талдау сапасын және санитарлық-эпидемиологиялық мониторингілеудің шынайылығын күшейтуге, ҚР санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүйесіне қоршаған орта факторлары бойынша тәуекелді бағалауды, себеп-салдарлық байланысты анықтауды және басқару шешімдерін әзірлеуді енгізуге ниетті.
Сондай-ақ зерттеу мәселелері және балалардың денсаулығына экологиялық факторлардың әсері талқыланды. Кездесу соңында тараптар балаларды иммундау, ақпараттық жүйе, экология және балалардың денсаулығы сияқты бірлескен ынтымақтастық бағыттарын анықтады.