Жастар денсаулық орталығында қандай қызметтер, көмек және қолдау алуға болады?
1. Репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
2. Гинекологтың, урологтың, дерматовенерологтың консультативтік көмегі;
3. Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулық ауруларының (соның ішінде ЖЖБИ) алдын алу, диагностикалау және емдеу;
4. Медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, коррекциялық қолдау, консультативтік көмек).
ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ
Қол жетімділік
▸ Міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтер көрсетіледі – ТЕГІН
Еріктілік.
▸ Жастар денсаулық орталығының қызметтерін өз еркімен таңдау
Мейрімділік
▸ Орталықта достық пен қолдау атмосферасы орнайды.
Сенім
▸ЖДО қызметкерлері құпия сақтайды, яғни дәрігерге айтқанның бәрі сіздің араңызда қалады!
17 облыстың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының деректері бойынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша республикада жасөспірімдер мен жастарға кешенді медициналық – психоәлеуметтік қызметтер көрсететін 191 ЖДО жұмыс істейді. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда – 166 ЖДО санының 1,2 есеге немесе 15% – ға артқаны байқалады.
Өңірлер бөлінісінде Ақмола – 2, Ақтөбе – 9, Алматы – 24, Атырау – 13, ШҚО – 5, БҚО – 4, Қарағанды – 9, Қызылорда – 8, қостанай – 1, Маңғыстау – 1, Жамбыл – 19, Павлодар – 11, Түркістан – 9, Абай – 7, Жетісу – 12, Ұлытау – 2, СҚО – 5 және Алматы – 15, Астана – 16, Шымкент – 19 қалаларында.
Республика қалаларында 118 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша (124 ЖДО) Республика қалаларында МДЗ санының 2021 жылдың ұқсас кезеңімен (104 ЖДО) салыстырғанда 1,2 есеге артқаны байқалады. Осы көрсеткіш бойынша: Шымкент қ. – 19, Астана қ.– 16, Алматы қ. – 15, Қарағанды облысы – 9, Павлодар – 10, Ақтөбе – 9, Жамбыл – 9 көш бастап тұр.
ҚР бойынша ауылдық жерлерде 67 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша (67 ЖДО) 2021 жылдың ұқсас кезеңімен (59 ЖДО) салыстырғанда Республика ауылдарында МСО санының 10% – ға артқаны байқалады. Ауылдық жерлерде ЖДО ең көп саны Алматы облысында – 24, Жамбыл облысында – 10, Қызылорда облысында – 7, Түркістан облысында – 6, СҚО – 3 байқалады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша ЖДО мамандарына жүгінген жасөспірімдер мен жастардың жалпы саны 728 628 адамды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп (285169). Сондай – ақ олардың ішінде ер адамдар – 310296 (42,5%), әйелдер-418332 (57,5%).
2022 жылдың қорытындысы бойынша Жастар денсаулық орталықтары мамандарына жүгінгендердің жалпы санынан – 728628 адам, 79 % – 575957 қала тұрғындары және 21 % – 152671 ауыл тұрғындары.
Жас топтары бойынша: 10-14 жас – 161839 (22,2 %) адам, 15-18 жас – 287433 (39,4 %) адам, 19-24 жас – 160556 (22 %) адам және 25-29 жас – 118801 (16,4 %) адам.
Құрметпен,
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің
Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының баспасөз қызметі.
Анықтама телефоны: 95-41-51, 8 (778) 137-63-57
Электрондық пошта: press.ncoz.mz@gmail.com