Мұқият және сақ болу – көктайғақ кезде қатаң сақталуы тиіс негізгі жүріс-тұрыс қағидаттары. Жаяу жүргенде аяқты нық басып, тізені бос ұстау керек. Тепе-теңдікті сақтау үшін қол бос болуы қажет. Көктайғақта биік өкшелі және табаны тайғақ аяқ киімді ұмыту керек. Жерге “жабысуды” жақсы қамтамасыз ететін етік пен бәтеңке киген дұрыс.
Абайлап жүру
Қатты кешігіп бара жатсаңыз да, мұзда жүгіруге тырысудың қажеті жоқ. Жаяу жүргенде аяқты нық басып, тізені бос ұстау керек. Өзіңді пингвин ретінде елестет. Аяқты сәл бүгіп, тізені бос ұстап, аяқты нық басып асықпай жүріңіз. Жылдам жүрмеңіз, аяқты жоғары көтермеңіз. Қадам неғұрлым жиірек болса, соғұрлым жақсы. Көктайғақ кезде ешқашан қолды қалтаға салып жүрмеңіз.
Ыңғайлы аяқ киім кию
Көктайғақта биік өкше мен табаны тайғақ аяқ киім туралы ұмыту керек. Керісінше, көліктерге арналған қысқы дөңгелек сияқты жерге “жабысуды” жақсы қамтамасыз ететін етік пен бәтеңке таңдау керек.
Құласаң да, дұрыс құлаған жөн
Егер сіз тайып, құлап бара жатқаныңды сезсеңіз, дене салмағын бірден алға және бүйіріңе ауыстыруға тырыс. Шалқадан құлаудан аулақ болу керек. Егер құлап қалып, аз да болса ауырсыну сезілсе дәрігерге барыңыз. Кейде тіпті жеңіл ауырсынудың өзі буынның шығып кеткенінің белгісі болуы мүмкін, ал кейбір жарақаттар уақыт өте келе білінетін болады. Есіңізде болсын, ең қауіпсізі бүйірмен құлау және ешқандай жағдайда қолды немесе аяқты құлап бара жатып сүйемей, керісінше мүмкіндігінше өзіңді бос ұстауға тырысу қажет.
Жеңіл жарақат алған жағдайда ғана медициналық көмекке жүгінбеуге болады. Мұзға басыңмен құлаған жайдайды назарсыз қалдыруға болмайды – тіпті аздап шайқалудың өзі бас ауруына, көздің көру өткірлігінің немесе есту қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.