ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен “Медициналық ұйымдарда ИАИБ және CСГ бойынша медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізу” 1-ші нәтижесі жоғары буын менеджерлерін оқытуды жалғастыруда.
Оқыту онлайн форматта жүргізіледі, ИАИБ және ССГ бойынша 10 өзекті тақырып жоспарланған, 2 кредит /60 сағат көлемінде.
Қазақстан ЮНИСЕФ-тің климаттың өзгеруі, апаттар қаупін азайту, балалардың жарақаттануының алдын алу және суға қол жеткізу, санитария және гигиена жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі Стационивкина Анна курс тыңдаушыларына сәлем жолдады: «Құрметті әріптестер, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен осы 2 апталық оқыту курсына уақыт бөлгеніңіз үшін ризашылығыңызды білдіруге рұқсат етіңіз. Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау және балаларға арналған медициналық стационарлардағы сумен жабдықтау, санитария және гигиена жүйелері мәселелері COVID-19 пандемиясынан кейін өзекті болды. 2021 жылы ЮНИСЕФ 14 медициналық ұйым арасында зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, ИАИБ бағдарламасы мен командасының болуына қарамастан, бұл бағдарлама көбінесе ұйымның жұмысында қолданылмайтындығы анықталды. Ал пациенттерге медициналық көмек көрсететін ұйымдардың медициналық қызметкерлері ИАИБ нұсқаулықтарын әзірлеуге немесе бейімдеуге қатыспайды. ИАИБ мәселелері бойынша қызметкерлерді жүйелі оқытудың жоқтығына сүйене отырып, біз оқытуды ҚДСҰО-мен ынтымақтастықта өткізуді шештік. Мәселен, ағымдағы жылдың қараша айында дәрігер-эпидемиологтар оқытылды. Оқыту жетекшісі – Бағдат Сәкенқызы мен лекторлар командасының талаптары қатаң. Оқу барысында өз пікірлеріңізбен, ұсыныстарыңызбен бөлісіп, оқу аяқталғаннан кейін өз ұжымыңызға негізгі ақпаратты айтып беруіңізді сұраймын. COVID-19 пандемиясынан кезінде және одан кейін Қазақстанда ИАИБ бойынша оқытуды iCAP, ЮНИСЕФ, ДДҰ, ЮНФПА қолдайтынына қарамастан, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осындай циклдарды жүргізуді жалғастыруды сұрайды, өйткені ана мен бала өлімі бойынша сандар әлі де жоғары. Сонымен қатар, ЮНИСЕФ жыл соңында қабылдануы жоспарланған ана мен бала денсаулығын сақтау тұжырымдамасын жасауға көмектеседі. Табысты оқуға тілектеспіз»
ҚР ДСМ ҚДСҰО атынан тыңдаушыларды ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма Төрағасының кеңесшісі, б.ғ. д., проф. Имашева Бағдат сөз сөйледі: «…Бұл цикл біздің елімізде алғаш рет ЮНИСЕФ-тің қолдауымен өткізіліп отыр. Сізге өтеусіз негізде оқудан өтудің бірегей мүмкіндігі берілді.
Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау стационарлардағы пациенттер үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып табылады. Дегенмен, бұл қалыптасқан әдеттер мен дәстүрлерді жиі басшылыққа алатын күрделі сала. Медицина қызметкерлері инфекцияны бақылаудың негізгі әдістерін күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыруы керек. Осыған байланысты аурухана басшылығы инфекцияның алдын алу шараларын орындау үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуі және инфекциялық бақылау тобының қызметін қолдауы керек.
Бұл циклдің басты мақсаты ИАИБ бойынша озық әлемдік тәжірибелерді алуға және оларды балалар стационарларында практикалық қолдануға бағытталған.
Біздің дәріскерлер сіздермен ДДҰ, СДС және басқа да шетелдік және отандық басылымдардағы ИАИБ бойынша заманауи озық тәжірибелерді зерделей отырып, бірнеше ай бойы әзірлеген және толықтырған осы тақырып бойынша маңызды презентациялық материалдармен бөліседі.
Алынған білім барлық тыңдаушыларға пайдалы болады және ұсынылған ұсыныстар сіздің практикалық іс-әрекетіңізде өз пайдасын табады деп үміттенемін”. Сондай-ақ, тыңдаушыларды оқыту ережелерімен, бақылау-өлшеу құралдарын орындау шараларымен таныстырып, осы циклге қабылданған тыңдаушылардың бұйрығын жариялады.