Egu.kz: Қазақстандағы вакциналау

Сіз https://egu.kz/ сайты туралы білесіз бе? Мұнда Қазақстанда қолжетімді екпелер туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.

EGU.kz – тен Екпе жасату арқылы қандай жұқпалы аурулардан қорғануға болатынын біле аласыз.

Біздің елде қолданылатын әрбір вакцинаның толық сипаттамасымен танысуға, сондай-ақ вакцина туралы аңыз әңгімелердің қалай пайда болғанын және балаларыңыздың денсаулығына несімен қауіпті екенін білуге болады.

EGU.kz – тен екпе жасатқанға дейін, екпе жасау кезінде және екпе жасатқаннан кейін не істеу керектігі туралы нұсқаулықты таба аласыз.

EGU.kz – тен балаңызға жеке екпе салдыру кестесін есептеп, оны өзіңізге жадынама ретінде сақтай аласыз. EGU.kz балаңызға екпе жасату туралы ақпараттық шешім қабылдауға көмектеседі.