2022 жылғы 21 қарашада ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы “Темекі шегуден бас тарту бойынша пациенттерге көмек көрсету” тақырыбында вебинар өткізді.
Мақсаты – темекі шегуден бас тарту бойынша пациенттерге көмек көрсетуге бағытталған темекіге қарсы орталықтар/кабинеттер туралы мамандардың ұсынуын қамтамасыз ету; темекі өнімдерін тұтынуды азайту бағытында ұлттық және халықаралық тәжірибе алмасу.
ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” Басқарма төрағасының м. а. Ж. А. Қалмақова және Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Елдік бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Лаура Жеңісқызы Өтемісова құттықтау сөз сөйледі.
Вебинардың спикерлері ретінде ДДҰ-ның ИЕА алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық кеңсесінің кеңесшісі Лаура Времиш; ҚР ДСМ Ғылым және кәсіптік даму бөлімінің бас маманы Ш. З. Абдрахманова, ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы”; СӨС қалыптастыру бөлімінің бас маманы К. М. Кумаров, ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы”; Кшыштоф Осташевский, Психиатрия және неврология институты, Варшава қ., Польша; Тлеубаева Шайзат Мұхаметқайқызы, ҚР ДСМ “Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы” Әлеуметтік оңалту бөлімінің меңгерушісі баяндама жасады.
Сондай-ақ, салауатты өмір салты мәселелеріне жетекшілік ететін денсаулық сақтау басқармаларының мамандары; темекіге қарсы орталықтардың/кабинеттердің мамандары; СӨС мамандары; мінез-құлық қауіп факторлары бойынша денсаулық сақтау мектептерінің мамандары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 170 адамнан асады.
Кездесу барысында спикерлер еліміздегі темекіге қарсы орталықтар қызметінің ағымдағы жағдайын, темекіге қарсы күрес жөніндегі кешенді шаралардың компоненттерін, Қазақстанда темекіні тұтыну туралы ересек тұрғындардың жаһандық сауалнамасының нәтижелерін, темекіні тұтынуды азайту жөніндегі халықаралық тәжірибені және темекі шегуден бас тарту жөніндегі бастаманы білдірген адамдарға медициналық-психологиялық көмек көрсетті.
Вебинар қорытындысы бойынша тақырып бойынша өзекті мәселелер және ықтимал шешу жолдары талқыланды, ұсынымдар шығарылды, тілектермен оң пікірлер алынды.