2022 жылғы 14 қарашада ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2022 – 2023 жылдарға арналған жұмыс жоспарын орындау шеңберінде: “Денсаулық сақтау және білім беру секторларының сумен жабдықтау, санитария және гигиена қызметтеріне, жасөспірімдерге арналған денсаулық сақтау мен психоәлеуметтік қолдаудың интеграцияланған қашықтықтан көрсетілетін қызметтеріне, балаларды иммундауға және қауіпсіз ортаға қол жеткізуді қамтамасыз етуге қатысты әлеуетін арттыру” тақырыбында “Медициналық ұйымдарда ИАИБ және ССГ бойынша медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізу ” 1-нәтижесі бойынша балалар медициналық ұйымдарының, ғылыми орталықтардың, көпсалалы ауруханалардың эпидемиолог дәрігерлерді оқытуды бастады.
Курс тыңдаушыларына Қазақстан ЮНИСЕФ климаттың өзгеруі, апаттар қаупін азайту, балалардың жарақаттануының алдын алу және суға, санитария мен гигиенаға қол жеткізу жөніндегі бағдарламаның үйлестірушісі Анна Стативкина сәлемімен жүгінді: «Бүгінгі таңда медициналық ұйымдар мен мектептердегі сумен жабдықтау, санитария және гигиенаның сапалы жүйесі туралы мәселе әлі де өзекті болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің (2015 ж.) жаһандық шолуына сәйкес медициналық ұйымдардың шамамен 40% – ында сумен жабдықтау жүйесі жоқ, ал 35% – ында қол гигиенасын сақтауға арналған материалдар жоқ. Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелер сумен жабдықтау, санитария және гигиена қызметтерінің сапасыздығының салдарына әсіресе осал. 2020 жылы ЮНИСЕФ Қазақстанда Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары мен Шымкент, Алматы және Қарағанды қалаларындағы 14 ана мен бала стационарында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау және сумен жабдықтау, санитария және гигиена қызметтеріне қол жеткізу жүйесіне бағалау жүргізді. Бағалау ұсыныстарының бірі қызметкерлердің кірін пациенттердің кірінен бөлек жууды қамтамасыз ету қажеттілігі болды. ЮНИСЕФ бағалауға қатысқан ана мен бала стационарларына 114 кір жуғыш машинаны сатып алып, жеткізді. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен ынтымақтастықта 2022 жылы эпидемиолог-дәрігерлер мен балалар стационарларының менеджерлері үшін осы мәселелер бойынша оқытудан өтуде”.
ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма төрағасының м. а., м. ғ. к. Қалмақова Жанар: “Бұл цикл елімізде ЮНИСЕФ қолдауымен алғаш рет өткізіліп отыр, қорға алғысымды білдіремін! МККБИ жүйелік проблема болып табылады, өйткені оған денсаулық сақтау жүйесінің, әсіресе қызмет көрсетумен байланысты 6 негізгі блогы әсер етеді. Бірақ Су, Санитария және Гигиена (ССГ), басқару, есеп беру және адами фактор мәселелерін қамтуы тиіс МСАК алдын алу стратегиялары бар. Денсаулық сақтау қызметкерлері пациенттердің қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті уақытта дұрыс шараларды жүзеге асыруды қолдайтын және сонымен бірге өздерінің қауіпсіз және құзыретті тәжірибелерін жүзеге асыруға жауапты жүйе шеңберінде жұмыс істеуі керек. Бұл циклды өткізудің басты мақсаты ИАИБ бойынша әлемдік озық тәжірибелер мен білім алу және суға, санитария мен гигиенаға қол жеткізу, сондай-ақ оларды практикалық қолдану дағдыларын алу болып табылады деп санаймын.
Дәріскерлер ДДҰ, СДС және басқа да шетелдік және отандық басылымдардағы ИАИБ бойынша заманауи озық тәжірибелерді зерделей отырып, бірнеше ай бойы әзірлеген және толықтырған осы тақырып бойынша өте маңызды презентациялық материалдармен, сондай-ақ озық тәжірибелерді қолданудың практикалық тәжірибесімен бөліседі”.
Нәтиженің жетекшісі, ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма Төрағасының кеңесшісі, б.ғ. д., профессор Имашева Бағдат тыңдаушыларды оқыту ережелерімен, бақылау-өлшеу құралдарын орындау рәсімімен таныстырды, осы циклге қабылданған тыңдаушылардың бұйрығын атап айтты.
Циклды ұйымдастырушылар барлық тыңдаушыларға жемісті жұмыс, сындарлы диалог және тиімді өзара іс-қимыл жасауға тілек білдірді!