ҚДСҰО “Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау” тақырыбында эпидемиолог дәрігерлерге арналған мамандандырылған циклдің II кезеңін өткізеді. Сабақтар 31 қазаннан бастап онлайн – офлайн аралас форматта “Шеврон”компаниясының қаржылық қолдауымен COVID – 19 эпидетіне қарсы іс-қимыл және Қазақстандағы инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ICAP жобасы шеңберінде 210 сағат/ 7 кредит көлемінде жалғасады және ағымдағы жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады.
ҚДСҰО Басқарма төрағасының м. а., медицина ғылымдарының кандидаты, Жанар Қалмақова тыңдаушыларды құттықтай отырып: “Сіздер эпидемиологтар дәрігерлерге арналған осы мамандандырылған циклден өтетін екінші топсыздар, сіздерге осы циклді толық көлемде өтуге бірден-бір мүмкіндігі туды”, – деді.
Екінші кезеңде тыңдаушылар келесі тақырыптарды меңгереді: қуық катетерімен, қан айналым жүйесімен, тыныс алу жолымен, хирургиялық жарамен байланысты инфекциялардың алдын алу; “One Health” тұжырымдамасы және оны қолдану; сапа менеджменті; қызметті бақылау және өлшеу; ИАИБ бағдарламасына жетекшілік ету және басқару; төтенше жағдайларға дайындық және аурудың тарауына ден қою; ИАИБ мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру; практикалық эпидемиология мен биостатистикаға кіріспе және т. б.
Білім алушылар осы тақырыптар бойынша өз жұмыс орындарында далалық жұмыстарды орындайды, әрі қарай оларды Астана қаласында офлайн оқу кезінде қорғайды.
Білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Б. Имашева курсқа қабылданған тыңдаушылардың таныстырды, дәріскерлер ДДҰ, СДС және басқа да шетелдік және отандық басылымдардағы ИАИБ бойынша заманауи озық тәжірибелерді зерделей отырып, бірнеше ай бойы әзірлеген және толықтырған маңызды презентациялық материалдармен, сондай-ақ өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісетінін атап өтті.
Ж. Қалмақова барлық тыңдаушыларға алған білімдері пайдалы болады, ал ұсынылған ұсынымдар практикалық қызметте өз қолданысын табатынына сенім білдірді.