Пандемия – бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы.
Әйгілі Ибн Синаның «Қанун» кітабында алапес, қышыма, шешек, оба, туберкулез сияқты аурулардың жұқпалы екенін анықтап, қорғаныс үшін карантин режимін қолдануды ұсынғаны белгілі. Соның арқасында Батыста ғылым мен медицина тез дамыды. Ал Ұлықбек сынды ғұлама басшыларын өлтірген Шығыста керісінше надандық жайлап, қараңғылықтың құшағында қала берді.
«Испан тұмауы» (1918-1921 ж.ж.) Адамзат тарихындағы ең ауқымды пандемия. Испан тұмауын 3 жыл ішінде жарты миллиардтан астам адам жұқтырды (планетадағы адам санының үштен бір бөлігі), ал өлім саны 100 миллионға дейін жеткен деп есептеледі (орташа есеп бойынша 20 миллионнан 40 миллионға дейін).
Алғашқы науқастар Америка құрама штаттарында 1918 жылы пайда болғанына қарамастан тұмау «испан тұмауы» деп аталды. Испания Еуропа елдері ішінде бұл ауруды алғаш болып пандемия деп жариялады, сөйтіп байқаусызда тұмауға атау берді. 19 ғасырдың аяғында француз ғалымы Луи Пастер (вирустың әсерінен пайда болған) құтыру ауруына қарсы вакциналауды сәтті өткізгенімен 1918 жылға дейін тұмауға қарсы вакцина болған жоқ. Солайша тұмауға қарсы алғашқы вакциналар 20 ғасырдың 30-40 жылдарында ғана пайда болады.
Ауыр, асқынған респиратор синдромы (SARS) — пандемия деп жарияланбаған індет (2002-2003 ж.ж.) БАҚ-та бұл аурудың басқа атауы — термин аурудың толық класын білдірсе де синдром атипиялық пневмония деп таралды.
Індет 2002 жылы Оңтүстік Қытайда басталды. Қоздырғыш — қазіргі коронавирустың туысы. Аурудың жарғанат пен адам арасындағы уақытша тасымалдаушысы цивит болған деп болжанады. 8 мыңнан астам адам жаңа вирусты жұқтырып, аурур 29 елде тіркелді. Өлім 10%-ке жетті — 774 адам қайтыс болды. Қабылданған шаралардың арқасында аурудың таралуы тоқтатылды.
Шошқа тұмауы пандемиясы (2009-2010 ж.ж.) Шошқа тұмауы пандемиясы 2009 жылдың наурыз айында басталды. Ауруды алғаш жұқтырғандар Мехико федералды округінде (Мексика) табылды. Ғалымдар шошқа тұмауының қоздырғышы испан тұмауының қоздырғышы сияқты H1N1 серотипіне ие екенін анықтады. 2009 жылы 11 маусымда ДДСҰ індетті пандемия деп жариялады. Пандемия кезінде 18 мыңнан астам адам шошқа тұмауынан қайтыс болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының (ДДҰ/Еуропа) бағалауы бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағында маусымдық тұмаумен байланысты респираторлық аурулардан жыл сайын 44 000-нан астам адамдар қайтыс болады, ал дүние жүзінде өлім саны 650 000-ға жетеді. Жыл сайын 65 жастан асқан арасында 60 000-ға жуық адам тұмаудан қайтыс болатынын хабарлайды.
Қазақстанда эпидемиялық маусымда 600-ден 1,2 миллионға дейін жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмау тіркеледі, ЖРВИ және тұмау жағдайлары жыл сайын халықтың 3,5-тен 10%-ға дейін ауырады.
2022 жылғы 8 айдағы жағдай бойынша республика аумағында ЖРВИ 599 495, тұмаудың 396 жағдайы тіркелді.
Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы тұмау, парагрипп, респиреспираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирусты және аденовирусты инфекция, басқа жоғарғы тыныс алу жолдарының талаурамалы қабынбалары. Даму үдерісінде вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы мүмкін.
ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды мыналар мазалау мүмкін: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.
Вакцинация науқанының басты мақсаты – «ұжымдық иммунитет» қалыптастыру үшін тұрғындарды көбірек екпемен қамту және ол үшін халықтың 60%-ға дейін вакцинациялау қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Американдық аурулардың алдын алу және бақылау орталықтарының (CDS) ұсынымдарына сәйкес, қауіпті топтағы адамдарға (5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер мен қарт адамдар) вакцинация деңгейі 75% жетуі керек.
Тұмау ауруының пайда болуы және шарықтауы күз-қыс айларына тән. Қазіргі кезде тұмау мен өткір вирустық инфекцияның маусымы басталды. Кез келген жастағы адам сырқаттануы мүмкін бұл вирустық ауру адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Сол себепті олардың алдын алу маңызды.
Тұмаумен ауырғанда өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды. Науқасқа міндетті түрде дәрігерді үйге шақырту керек. Дәрігердің тексеруінен кейін тағайындалған қажет емдік шараларын ғана қолдану керек. Ауру басталған уақытта тез емделсе, арты көкжөтел және өзге де асқынуларға әкелмейді. Тұмауға қарсы вакцина салдырған адамдар вирус жұқтырмауы мүмкін. Тіпті, жұқтырған күннің өзінде, ауру жеңілірек өтеді, одан әрі асқынып, пневмонияға айналу қаупі төмен.
Қазір де жер-жаһан жаңа COVID-19 індетімен бетпе-бет келіп отыр. Көптеген құндылық өзгеруде. Осы орайда Қазақстан Президентінің ғылым мен медицина саласына ерекше ден қоюы қуантады. Осы індеттен қорытынды шығарып, елімізде отандық ғылымды дамытуға, соның ішінде медицина саласын өрістетуге мүмкіндік туады деп үміттенеміз.