27 қыркүйекте Астана қаласында инфекциялық емес аурулардың қауіпті факторларын қадағалауға STEPS кезең-кезеңмен тәсілді жоспарлау және енгізу бойынша конференция басталды.
Ұйымдастырушылар – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және т. б. денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысады.
Конференция барысында қатысушы елдер ИЕА (инфекциялық емес аурулар) күресуге бағытталған күш-жігерді біріктіруге, іс-қимылдарды жеделдетуге және жетекші ИЕА және олардың қауіп факторларының таралуын айқындау мақсатында өз елдерінде STEPS зерттеуін жүргізуді талқылауға, сондай-ақ STEPS іске асыруда тәжірибемен бөлісуге, біліммен алмасуға ниетті.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының м. а. Жанар Қалмақова:
– Біз STEPS-ті Қазақстанда алғаш рет 2023 жылы өткізетін боламыз және бұл бізге еліміздің өңірлері тұрғысынан ИЕА-ның қауіптілік факторларының олқылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Осы зерттеудің нәтижелері бойынша біз ИЕ-нің алдын-алу саясатының тиімді шарасын жасай аламыз. ҚДСҰО мен Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының үйлестірушілері осы жұмысты жүргізетін негізгі буынымыз.
Бұл өз кезегінде, ИЕА-мен ауыратын адамдардың қажеттіліктеріне медициналық көмектің тиімдірек ден қою саласында денсаулық сақтау жүйелерін нығайту аурушаңдықты, мүгедектікті және өлімді азайтады, бұл адамдардың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді.