Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде денсаулық сақтау саласының мамандары үшін біліктілікті арттыру бойынша “Мейіргер ісіндегі инфекциялық бақылау” тақырыбында 6 кредит (180 сағат) көлемінде оқыту курсы басталды.
Ұйымдастырушы – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы. Аталған курс “Шеврон” компаниясының қаржылық қолдауымен АҚШ-тың Колумбия университетінің Мэйлман атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP орталығы филиалының жобасы шеңберінде өткізіледі.
Оқу циклынан өту үшін ахуалдық талдау нәтижелері бойынша 78 медициналық ұйымнан тыңдаушылар іріктелді, оны 2021 жылғы тамыз-қазан айларында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жүргізді.
ҚДСҰО Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, м. ғ. к. Жанар Қалмақова құттықтау сөзінде инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету медицина қызметкерлері тарапынан барынша мұқият назар аударуды талап ететінін, онда орта медицина қызметкерлері рөлі маңызды екенін атап өтті.
Бұл “ҚР Денсаулық сақтау ұйымдарында инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру” жобасы аясында оқытудан өтіп жатқан орта медициналық қызметкерлердің бірінші тобы.
ҚДСҰО Басқарма төрағасының кеңесшісі, б.ғ. д., профессор, білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Бағдат Имашева жүргізіліп жатқан оқытудың талаптарымен таныстырды, сабақтар кестесі, БӨҚ (бақылау-өлшеу құралы) орындау тәртібі, далалық тапсырмалар және оларды қорғау бойынша түсініктемелер берді. Оқыту курсының дәріскерлерін таныстырды: Гаухар Ағажаева, Қарлығаш Атаханова, Зейнегүл Шакенова және Қанат Текебаев.
Сондай-ақ, ол оқуға қабылданған тыңдаушылардың бұйрығын атап өтті, олардың ішінде: “Ақтөбе теміржол ауруханасы” ЖШС, Ақтөбе қ., “Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы” ЖШС, Тараз қ., Жамбыл облысы әкімдігінің ДСБ” ШЖҚ МКК, “Теміртау қаласының орталық ауруханасы” КМК мен Нұр-Сұлтан қ. “Ұлттық нейрохирургия орталығы” АҚ фельдшерлері, медбикелері, эпидемиолог-дәрігерлердің көмекшілері. Курс аяталғаннан кейін қатысушылар оқудан өткені туралы сертификат алады.