2022 жылдың 02 қыркүйегінде Назарбаев Университеті Медицина мектебінің “Мейірбике ісі саласындағы ғылым бакалавры” IV курс студенттері ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына келді.
Сапардың мақсаты – қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы бағдарламалармен танысу және халықтың осал топтарымен өзара іс-әрекет ету тәжірибе алу.
Кездесу барысында ҚДСҰО Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова GATS ұлттық репрезентативтік зерттеуімен (Ересек халықтың темекіні тұтыну туралы жаһандық сауалнамасы), сондай-ақ Жастар денсаулық орталықтарының (ЖДО) жұмысымен таныстырды.
Өз кезегінде, ҚДСҰО жастар мен балалардың денсаулығын нығайту бөлімінің басшысы Диана Шамгунова ЖДО жұмысы туралы, орталықтың қандай қызмет көрсететіні және қалай кеңес алуға болатыны туралы және т. б. жан-жақты айтып берді.
Кездесу соңында бағдарлама директоры Нэнси Ститт және Назарбаев Университеті Медицина мектебінің ассистенті профессор Джонас Круз ұйымдастырушыларға жылы шыраймен қарсы алғаны және ҚДСҰО жұмысымен танысқаны үшін алғыс білдірді.