2022 жылғы 20 маусым мен 29 шілде аралығында эпидемиолог дәрігерлер Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ) бойынша мамандандырылған циклдің I кезеңінен өтті. Ұйымдастырушы және әзірлеуші ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы болып табылады.
Оқыту “Шеврон” компаниясы қаржыландыратын ҚР денсаулық сақтау ұйымдарында ИАИБ жүйесін жетілдіру үшін консультациялық және практикалық көмек көрсету жөніндегі жоба, сондай-ақ Қазақстандағы Колумбия университетінің Мэйлман атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP орталығы филиалы мен “Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК арасында қол қойылған келісімшарт шеңберінде жүргізілді.
“Бүгінгі таңда аталмыш цикл тақырыбы медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздік пен инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуде өте маңызды. Оның маңыздылығы әлемде және біздің елімізде COVID -19 пандемиясына байланысты бірнеше есе өсті. Біліктілікті арттыру-тәжірибелі дәрігер үшін қажетті және өте маңызды. Біз эпидемиологтар өз білімдерін толықтырып, техника мен практиканың озық жетістіктерімен қаруланып, әріптестерімен қарым-қатынастың ресурстық атмосферасына енуі үшін оқыту жүргіземіз”, – деді ҚДСҰО Басқарма Төрағасының кеңесшісі, б.ғ. д., профессор, білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі Бағдат Имашева.
Бағдарлама екі бөлімнен тұрды: теориялық, ол онлайн-офлайн форматта және практикалық – медициналық ұйымдарда өтті. Оқу жоспары келесі тақырыптарды қамтиды: “Инфекциялардың алдын алуға және бақылауға кіріспе”, “ИАИБ контекстіндегі микробиология негіздері,” Инфекциялардың берілу жолын ескере отырып, негізгі және арнайы сақтық шаралары”,” Қалдықтарды басқару”,” Үй-жайларды тазарту және дезинфекциялау мәселелері”, “Қауіпсіз инъекция техникасы”; “Медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтау, кәсіби аурулар”.
Мамандандырылған циклды Өскемен қаласының “Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы” ШЖҚ КМК эпидемиолог дәрігері Гүлмира Әділбаева, Қызылорда қаласының “Көпбейінді қалалық аурухана” ШЖҚ КМК эпидемиолог дәрігері Гүлзат Бақберген, “Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы” ШЖҚ КМК эпидемиолог дәрігері Рилия Серікбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің ДСБ “Қалалық көпбейінді аурухана” эпидемиолог дәрігері Байсары Гүлнәз, “Талдықорған қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы” ШЖҚ КМК эпидемиолог дәрігері Айым Оқаева және т. б.
Соңғы күні жоғары санатты дәрігер эпидемиолог, ҚДС магистрі Қарлығаш Атаханова инфекциялық ауруларды клиникалық-эпидемиологиялық тексеру туралы айтып, талдау жүргізіп, хаттама толтырудың негізін түсіндірді. Бұдан әрі “ИАИБ және көшбасшылық мәселелері бойынша үйлестірушінің рөлі” тақырыбында “University Medical Center” КҚ эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас эпидемиологы, жоғары санатты эпидемиолог дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Гаухар Агажаева баяндама жасады. “Инфекциялық бақылаудағы сапаның негізгі құралдары” тақырыбында “UMC” КҚ эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры, дәрігер-эпидемиолог, медицина магистрі Анна Гончарова айтып берді.
Бағдат Имашева тыңдаушыларға оқу нәтижесі бойынша баға беріп, қорытынды жасады. Дәрігерлер үш апта бойы далалық тапсырмаларға белсенді дайындалды, әр топ менторлармен өз жұмыстарын жан-жақты талқылады, презентациялар көрсетті, ситуациялық есептерді, чек-парақтарды шешті, қол гигиенасы, бетперде кию және т. б. бойынша бейнероликтер жасады және көрсетті және медицина қызметкерлері, әсіресе эпидемиолог дәрігерлер үшін өте маңызды курсты жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін ICAP-қа алғыс айтты.
Сондай-ақ, ҚДСҰО Инфекциялық аурулар департаментінің директоры Қанат Текебаев және ҚДСҰО Инфекциялық емес аурулар департаментінің бас маманы Қуаныш Әлімбетов тәлімгер ретінде баяндама жасады.
Қорытынды іс-шараға қатысты – Орталық Азия елдеріндегі Колумбия университеті жанындағы ICAP орталығы филиалдарының директоры-дәрігер, халықаралық денсаулық сақтау магистрі (MScIH), қоғамдық денсаулық сақтау докторы (DrPH) Анна Дерябина: “Цикл жалғасын табады, бізде базалық оқудан өткен адамдарға біз тұрақты негізде кездесіп, денсаулық сақтау жүйесінің мәселелерін талқылайтын, өзара білім алмасатын практиктер қауымдастығын құруды жоспарлап отырмыз. Мұндай тәжірибені біз басқа елдерде қолданамыз. Сіздер өз жігерлеріңізді, қызығушылықтарыңызды көрсеткендеріңізге өте қуаныштымын. Бұл жұмыстың тиімділігін анықтайтын құралдар бар”.
Мереке соңында Анна Дерябина барлығын циклдің аяқталуымен құттықтап, эпидемиолог – дәрігерлерге 240 сағат көлемінде (8 кредит) біліктілікті арттыру куәліктерін табыс етті.
Анықтама: ICAP 2003 жылы Колумбия университетінің Майлман атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанынан құрылған және денсаулық сақтау жүйесін нығайту және АИТВ, COVID-19 және туберкулез және безгек сияқты басқа да ауруларға байланысты бағдарламалар үшін әлеуетті арттыру мақсатында мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істейді. ICAP әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс істейді. Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанда, Тәжікстанда және Қырғыз Республикасында ПЕПФАР (АҚШ президентінің АИТВ-ға қарсы күрес жөніндегі төтенше жоспары) шеңберінде ICAP 2010 жылдан бастап қызметін жүзеге асырып келеді, ол АИТВ-ның алдын алу, тестілеу және емдеу, сондай-ақ АИТВ туралы стратегиялық ақпарат жүйесін нығайту және АИТВ жөніндегі бағдарлама үшін деректерді пайдалануды жақсарту үшін медициналық ұйымдардың әлеуетін өсіру арқылы АИТВ індетін бақылауда жеңіске жетуге бағытталған CDC-тің ауруларды бақылау орталықтары арқылы қаржыландырылады. 2020 жылдан бастап ICAP COVID-19 эпидемиясына тиімді ден қою үшін елдердің денсаулық сақтау министрліктеріне техникалық көмек те көрсетіп келеді.
Қатысушылардың пікірлері:
Ерлан Санкешов, ШҚО әкімдігі ДСБ “Семей қаласының № 2 қалалық ауруханасы” ШЖҚ КМК эпидемиолог дәрігері.
– “Коронавирус қалай басталды, эпидемиологтар жетіспей қалды. Мен 19 жыл эпидемиолог болып жұмыс істесем де, бірақ әлі де олқылықтарымды сезіндім, енді оларды толтырамын. Онлайн форматта мен өз жұмысымның бос болмауына қарамастан көп жұмыс жасадым. Мен оқуға ризамын, Бағдат Сәкенқызы мен тәлімгерлерге алғысымды білдіремін”.
Тұран Нұрмұхамед, Қостанай облысы әкімдігі ДСБ “Қостанай облыстық ауруханасы” КМК эпидемиолог дәрігері
– “Мен кадрлар бөлімінен үнемі оқу бола ма, жоқ па сұрап жүретінмін? Мен үшін баға жетпес мүмкіндік берген сәт туды, Мен оған өте қуаныштымын және бақыттымын. Мен жас маманмын, менің жұмысыма қатысты барлық нәрсені, назарымды қайда аудару керектігін білгім келеді. Менторларға сабырлығы үшін және оқуға қосқан үлесі үшін ҚДСҰО-ға алғыс айтамын”.
Дарын Ғабсалық, Қостанай облысы әкімдігі ДСБ “Арқалық өңірлік ауруханасы” КМК эпидемиолог дәрігері
– “Менің мақсатым – біліктілікті арттыру, сертификат алу. Осындай мүмкіндік пайда болды, оған қоса оқу – тегін, мен бірден тізімге қосылдым. Маған бұл мансаптық өсу үшін қажет”.
Ляйля Таспауова, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы “Кентау орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК дәрігер эпидемиолог
– “Мен бұл циклды қатты күттім, мен бұл тренинг туралы білгенде қатты қуандым. Мен мұнда көптеген пайдалы ақпаратты білдім, Мен өз білімімді жұмыста қолданамын. Бұл менің басты мақсатым. Барлық сұрақтарға жауап алдым”.